• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Бердібек Сапарбаев: Балалар мен жастар тәрбиесі, оқыту және сауықтыру мәселелері назардан тыс қалмайды

02.06.2020
0
Бердібек Сапарбаев: Балалар мен жастар тәрбиесі, оқыту және сауықтыру мәселелері назардан тыс қалмайды
146
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Дүйсенбі, 1 маусым күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тараздағы бірқатар нысандардың салтанатты ашылуына қатысты.

Атап айтсақ, бұл күні шаһардағы Тұңғыш Президент саябағының жанында балалардың инклюзивті ойын алаңы ашылды. Аталған нысанның құрылысын Жамбыл облысы әкімдігі мен серіктестерінің қолдауымен «Дара» қайырымдылық қоры жүргізген.

Алаң мүгедектер арбасы еркін кіре алатындай етіп жабдықталған. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған қауіпсіз әткеншектер, ыңғайлы құмды-үстелдер, арнайы тактильді панельдермен қамтылған.

— Шығармашылық және физикалық дамуы үшін балаларға барлық мүмкіндіктер жасалуы тиіс. Бұл орайда ешқандай кедергі болмау керек. Осындай ерекше ойын алаңдарының ашылуы инклюзивті қоғам дамуындағы үлкен қадам болып табылады.  Алаң өте ыңғайлы жерде орналасқан. Көп ұзамай балаларға жайлы және қауіпсіз болуы үшін  айналаны абаттандыру жұмыстары басталады. Сондай-ақ, қала басшылығы мұндағы жабдықтардың  сақталуын қадағалап отыруы керек, — деді облыс әкімі.

Аталған қор Тараз қаласының №20 орта мектебінің базасында психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашу жобасын жүзеге асырған. «Дара» қорының жоба менеджері Сәуле Бексұлтанова түзету кабинеті жыл сайын әр түрлі даму кемістігі бар 150-ден астам балаға қызмет көрсете алатындығын атап өтті. Нысандағы Монтессори бөлмесінде (тақырыптық аймақтарға бөлінген және әртүрлі дидактикалық материалдармен толтырылған) балалар емдік жаттығулармен шұғылданып, байланыстың балама құралдарын да қолдана алады. Оларға психолог, логопед, дефектолог, аудиолог және педагог қызметтері ұсынылады.

— Мұндай түзету кабинеттерінде білім алатын балалар орта мектептердегі балалармен бірге оқуға дайын болады. Түзету көмегіне жүгінген олар шығармашылық тұрғыдан дами түседі. Мұның бәрі болашақта олардың қоғамдық өмірге белсене араласуына ықпал етпек. Облыс орталығында мұндай екі ғана кеңсе бар десек, біз олардың санын арттырып, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту үшін барлық жағдайдың жасалуын қамтамасыз етуге жұмыс істейтін боламыз, — деді облыс әкімі.

Бұл күні «Jastar» қабілетін дамыту орталығында «Asyl mura» фронт-кеңсесінің ашылуы болды. «Асыл мұра» – материалдық, рухани-мәдени, тарихи мұраны сақтау бойынша волонтерлік қозғалыстың бір бағыты.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа атап өткендей, фронт-офис еріктілер мен волонтерлік ұйымдардың жұмысын үйлестіру бойынша тұрақты қызмет ететін алаңға айналмақ. Бүгінде облыс бойынша 60-тан астам еріктілер қозғалысы тіркелген десек, олардың құрамына 6 мыңнан астам ерікті топтасқан. Олар «Асыл мұра» бағыты бойынша халқымыздың тарихын, мәдениетін және дәстүрін насихаттаумен, тарихи ескерткіштерге қамқорлық жасаумен айналысады. Сонымен қатар гидтер рөлін атқарады.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев жастарды еріктіліктің басқа салаларын дамытуға және еліміздің игілігі үшін  аянбай тер төгуге шақырды.

— Өткен жыл Жастар жылы, ал 2020 жыл – Еріктілер жылы деп жарияланды. Жастар әрдайым қоғам дамуының қозғаушы күші болып келді және солай болып қала береді. Қазір сіздер үшін ең бастысы – білім алу және өз салаңыздың маманы болу. Жақында «Әулие-Ата» жастар саясатын дамытудың  өңірлік бағдарламасы іске аса бастайды. Ол жастардың кәсіби және жеке тұлғалық дамуын қарастырады. Сіздерге мансаптық жоғарылауға көмектесетін жас мамандардың кадрлық резерві дайындалады. Сонымен қатар, жастарды қолдау мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар әзірленбек. Барлық жағдай жасалуда, тек жұмыс істеу керек.

«Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалаң», — деп Ұлы Абай айтқандай  өмірден өз орныңды тауып, еліміздің болашағына өз үлесін қоса білетін азамат болып қалыптасу керек. Жастарды өздерін теріс пиғылына пайдаланғысы келетін түрлі адамдар бар. Сіздер үшін ең маңыздысы – дұрыс жолды таңдай білу, — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев дін, білім, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік аясындағы «Senim» психологиялық көмек көрсету орталығының мамандары қызмет көрсететін жастарға қолдау көрсету орталығының жұмысымен танысты.  Мұнда еріктілер ниеттілер үшін ағылшын тілі курстарын өткізеді.

Аймақ басшысы мұндай орталықтардың барлығы жастардың пікір алмасып, түрлі мәселелерді талқылауы үшін жиі жиналатын орынға айналуы керектігін атап өтті.

Бердібек Сапарбаев өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында да болды. Орталық Қ.Сармолдаев атындағы балалар үйі мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын біріктіру арқылы ашылған.

Бүгінде мұнда 73 бала тәрбиеленуде. Облыс әкімі жатын бөлмелерді, демалушылар бөлмесін, психолог кабинетін, «Адалдық дүкені», «Рухани жанғыру» орталығын, кітапхананы аралап көріп, оң бағалады.

 Бердібек Сапарбаев балаларды қорғау күніне арналған концерттік бағдарламаның құрметті қонағы атанды. Өңір басшысы барлық тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтап, оларға тәттілер түріндегі сыйлықтар үлестіріп, ал орталыққа музыкалық студияны табыс етті.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа басшысы тағайындалды

Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа басшысы тағайындалды

26.06.2025
Енді eGov.kz порталы арқылы колледжге түсуге өтініш бере алады

Енді eGov.kz порталы арқылы колледжге түсуге өтініш бере алады

26.06.2025
Қазақ ұлттық хореография академиясы өнер саласындағы үздік жоғары оқу орны атанды

Қазақ ұлттық хореография академиясы өнер саласындағы үздік жоғары оқу орны атанды

26.06.2025
Қытайдың оңтүстік-батысындағы су тасқыны болды

Қытайдың оңтүстік-батысындағы су тасқыны болды

26.06.2025
Елімізде жол сапасына қатысты 20 мыңнан аса шағым түскен

Алматыда бір көше уақытша жабылады

26.06.2025
Қолдауға мұқтаж адамдардың жалақысынан 5,5 миллион теңге заңсыз ұсталған

Үкіметтен бөлінген 2,8 млрд теңге қайда жұмсалмақ?

26.06.2025
Қырғызстанда бір сағат ішінде екі жер сілкінісі тіркелді

Қырғызстанда жер сілкінісі болды

26.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты