• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 14:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мемлекеттік меншікке тиімді иелік ету керек – Бердібек Сапарбаев

turan_admin turan_admin
23.05.2020, 18:39
Облыс жаңалықтары
Мемлекеттік меншікке тиімді иелік ету керек – Бердібек Сапарбаев
194
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте коммуналдық меншікті тиімді басқару мен иелік етуге байланысты мәселелер талқыланды. Онда саладағы жұмыстар мен кемшіліктер атап өтілді.

Бүгінде үкіметтік деңгейде мемлекеттік ұйымдар санын қысқарту, оларды бәсекелестік ортаға беру және әкімшілік шығындарды азайту міндеті қойылып отырғандығы белгілі. Облыста квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру, қайта құру және тарату бойынша жұмыс екі жыл бұрын басталды.

Отырыста қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева хабарлағандай, 2018 жылы мемлекеттік органдарға қарасты ұйымдарды біріктіру және оңтайландыру арқылы 277 штат бірлігі, ал 2019 жылы тағы 790 бірлік қысқартылып, бұл өзө кезегінде әкімшілік шығындарды тиісінше 210 және 252 миллион теңгеге үнемдеуге мүмкіндік берген. Штаттарды қысқарту негізінен бос бірліктер және қызметкерлердің мөлшерлемелері мен функционалдық міндеттерін біріктіру есебінен жүзеге асырылған.

Қазіргі таңда облыстың коммуналдық меншігінде шаруашылық қызметпен айналысатын 939 КММ, 309 МКҚК және 93 кәсіпорын бар. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін бәсекелестік ортаға беру бойынша жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылдың басында жеке меншікке 2 млрд. теңгеге 15 ұйым сатылды, 12 ұйым кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді, 7 ұйым бірігу жолымен жойылды немесе қайта ұйымдастырылды, 2 ұйым таратылу үстінде.

Өзекті мәселелердің бірі «Жасыл Ел Тараз» ЖШС-не қатысты. Өткен жылдан бастап облыс орталығының коммуналдық саласының кәсіпорны сенімді басқаруға беру бойынша тендерге шығарылған. Алайда өтінімдердің болмауына байланысты тендер өтпеді деп танылған.  Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес, егер объект сатылмаса, ол жойылуға жатады. Бұл жергілікті билікті қанғатандырмайтындығы айтылды.

— Біз қаланы абаттандыруға маманданған кәсіпорынсыз қалдыра алмаймыз. Бұл орайда дұрыс шешім қабылдау маңызды. Мен сіздерден осы мәселе бойынша ұсыныстарыңызды күтемін, — деді Бердібек Сапарбаев өз орынбасарларына.

Сонымен қатар, облыс әкімі коммуналдық мүлікке иелік ету қызметі бойынша бірқатар сын-ескертпелер айтты. Ескертулердің бірі мемлекеттік қаражатқа салынған жаңа нысандардың құжаттарын рәсімдеуге қатысты болды. Облыс бойынша 2016-2018 жылдары салынған 74 нысан әлі күнге дейін құжаттары рәсімделмеген. Тараз қаласында ондай 30, Қордай ауданында 11, Сарысу ауданында 7 нысан бар. Жергілікті тұрғындар үшін пайдалануға болатын бос бөлмелері бар нысандар мен ғимараттар да кездеседі. Ал, Тараз қаласында жаңа үйлердегі 580 пәтер иелері алған жоқ.

Сонымен қатар, облыс әкімі коммуналдық меншікті жою жөніндегі іс-шараларға қатысты бірқатар сын айтты. Пікірлердің бірі мемлекеттік қаражат есебінен салынған жаңа нысандарды құжаттауға қатысты болды. Облыста 2016-2018 жылдары салынған 74-тен астам нысан тазарту рәсімін әлі аяқтаған жоқ. Тараз қаласында мұндай 30 объект бар, Қордай ауданында — 11, Сарысу ауданында — 7. Жергілікті тұрғындардың пайдасына пайдалануға болатын бос үй-жайлары бар ғимараттар бар. Ал Тараз қаласындағы жаңа үйлердегі 580 пәтер әлі өз иелерін таппаған.

— Бұл мәселені жергілікті атқарушы органдар шешуі керек, ал қаржы басқармасы құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларымен бірлесіп осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруі керек. Мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану керек, ол айналымда болуы тиіс, — деді Б.Сапарбаев.

Жиында ғимараттар мен үй-жайларды жалға беруге қатысты мәселелер де қозғалды. Бұл тұрғыдағы көптеген кемшіліктер бар десек, оларды жою бойынша тиісті салалық ведомстволар жұмыс істеуі керек. Қазынаға қаржы қалай құйылады? Инвестициялық міндеттемелер қалай орындалады? Осы және басқа да мәселелерді қаржы басқармасы үнемі қадағалап отыруы қажет. Басқарушы компаниялардың міндеттемелерінің орындалуы туралы уақытылы тыңдаулар өткізіп отыру керектігін атап өтті облыс әкімі.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.