Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 10 жаңа жағдайы тіркелді.
Ауырғандардың бірі 1955 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны. Ол дене қызуының жоғарылауы, ентігу, құрғақ жөтелге қатысты шағымдарымен провизорлық стационарға жатқызылған болатын. Зертханалық зерттеу қорытындысы COVID-2019-ға оң нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ, аталған ауру 1963 және 1970 жылдары туған Байзақ ауданының тұрғындарынан да анықталған. Бұл отбасылық жұп инфекцияны бұған дейін ауырған туыстарымен байланыс барысында жұқтырып алған.
Науқас 1940 жылы туған облыс орталығының тұрғыны болып табылады. Тыныс алу жолының созылмалы ауруымен ауыратын ол тәуекел тобындағы тұлға ретінде жоспарлы түрде тексеруден өткен.
Жүргізілген зертханалық талдау қорытындысы оң нәтиже көрсеткен соң науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды.
Үй ошағы бойынша байланыста болған 4 тұлға анықталып, карантинге орналастырылды. Ошақтарда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді.
Барлық науқастар Тараз қаласының тұрғындары. Атап айтқанда, ауру 1960 жылы туған ер адамда анықталды, ол медициналық мекемеге температура мен әлсіздікке шағымданады.
Сондай-ақ, оң нәтиже бұрын анықталған науқастардың жақын байланыста болған тұлға ретінде 1960, 1995, 2003 және 2018 жылы туылған төрт тұрғынның талдауы арқылы көрсетілді.
Барлық жаңа жағдайлар үшін алты жақын байланыс анықталды, олар карантинге жатқызылды. Ауру адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына емделуге жіберіледі.
7 мамыр күні Жамбыл облысында коронавирус ауруының жаңа жағдайы тіркелді.
Науқас 1951 жылы туған Жамбыл ауданының тұрғыны. Ол созылмалы респираторлық аурумен ауыратындықтан жоспарлы түрде тексеруден өтті. Жақын байланыста болған төрт тұлға анықталып, карантинге орналастырылды. Науқас емдеу шараларын алу үшін жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілді.
Жалпы, ағымдағы жылдың 7 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 169 жағдайы тіркелді: оның ішінде Таразда — 82, Байзақ ауданында — 13, Жамбыл ауданында — 6, Кордайда — 37, Меркіде — 3 және Шуда- 2, Мойынқұмда- 1. Сондай-ақ, Дели — Тараз рейсінен алты жағдай, Теңіздегі вахталық кентінен келген жұмысшылардың арасынан 19 оқиға анықталған.
Барлық дерт жұқтырғандардың 55-і жазылып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.