27 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының 105-ші жағдайы тіркелді.
Науқас 1972 жылыт туған Тараз қаласының тұрғыны. Ол күні бұрын дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, тамақ ауруына қатысты шағымдарымен жүгінген болатын. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-2019 диагнозы расталды.
Эпидемиологиялық тексеру барысында үш байланыста болған үш тұлға анықталды. Науқас инфекциялық стационарға жеткізілді. Ошақтарда эпидемияға қарсы өңдеу іс-шараларі жүргізілді.
27 сәуір күні Жамбыл облысында COVID-2019 ауруының жаңа (106-шы) жағдайы тіркелді.
1987 жылы туған науқас Тараз қаласында тұрады. Ол бұған дейін індет жұқтырған науқаспен байланыста болғандығы үшін карантиндік стационарға орналастырылған.
Эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың өршуіне байланысты алты жақын адам анықталды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.
28 сәуір күні Жамбыл облысында екі жаңа (107-108) COVID-2019 оқиғасы тіркелді.
Науқастардың бірі 73 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып табылады. Ол бұған дейін дерт жұқтырған науқаспен байланыста болғандығы үшін стационарлық карантинге жатқызылған.
Екінші науқас – 22 сәуірде Ресей Федерациясынан оралған Меркі ауданының тұрғыны, ол жақта туыстарымен бірге болған. 27 сәуірде ол ентігу, мұрыннан су ағуына қатысты шағыммен жедел жәрдем шақырған. КВИ-ға күдікпен провизорлық стационарға жатқызылып, алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.
Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні Жамбыл облысында үш жаңа (109-111) COVID-2019 ауруы тіркелді.
1969, 1975 және 1979 жылдары туған науқастар Атырау облысы Теңіз кентінде вахталық негізде жұмыс істейтін Тараз қаласының тұрғындары болып табылады.
29 сәуір күні Жамбыл облысында екі жаңа COVID-2019 оқиғасы тіркелді (№112-113).
Науқастардың бірі 1963 жылы туылған Қордай ауданының тұрғыны болып табылады, ол 28 сәуір күні КВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Алынған зертханалық талдаулар оң нәтиже көрсеткен.
1981 жылы туылған екінші науқас Тараз қаласында анықталған. 28 сәуірде ол медициналық мекемеге дене қызуының жоғарылауына қатысты шағымданған. ПТР-ға алынған материалдар оң нәтиже көрсетті.
Екі жағдай бойынша барлығы 11 байланыста болған тұлға анықталған, оларды карантиндік стационарға оқшаулау, талдаулар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ошақтарда індетке қарсы қажетті өңдеу шаралары атқарылды.
29 сәуір күні Жамбыл облысында үш жаңа COVID-2019 ауруы тіркелді.
Айта кету керек, науқастар бұған дейін аталған дертті жұқтырғандармен байланыста болғандығы үшін, карантиндік стационарға оқшауланған.
Науқастардың екеуі –1963 және 2012 жылы туған Тараз қаласының, біреуі – 2007 жылы туған Байзақ ауданының тұрғыны болып табылады. Олар бекітілген алгоритмге сәйкес қажетті емдеу шаралары жүргізілетін инфекциялық стационарға ауыстырылды.
Жалпы, 29 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 116 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында — 55, Байзақ ауданында – 5, Жамбыл ауданында – 4, Қордай ауданында — 35, Меркі ауданында — 3, Мойынқұм және Шу аудандарында – біреуден. Сондай – ақ, Дели — Тараз рейсі жолаушылары арасынан алты, Теңіз вахталық кентінен келген қызметкерлер ішінен алты оқиға анықталған.
Барлық инфекция жұқтырғандардың 43-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.