Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері бос лауазымдарына үміткерлермен әңгімелесу жүргізу және нәтижелері бойынша шешім шығару мақсатында 2020 жылғы 16 сәуірде конкурстық комиссиясының отырысы өтті.
Конкурстық комиссиясының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2020 жылғы 20 сәуірдегі бұйрықтарымен:
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері бос лауазымына Сатжанов Азат Бекенович тағайындалды.
САТЖАНОВ АЗАТ БЕКЕНОВИЧ
1983 жылы Алматы облысында дүниеге келді. 2006 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін «Дәрігер педиатр» мамандығымен бітіріп, дәрігер біліктілігін алды. Жалпы еңбек өтілі 15 жыл, денсаулық сақтау ұйымдарындағы басшылық лауазымдарда 5 жыл, соңғы жұмыс орыны Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, бас дәрігердің міндетін атқарды.
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы қалалық көп бейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері бос лауазымына Абильдаев Нурлан Шадиханович тағайындалды;
АБИЛЬДАЕВ НУРЛАН ШАДИХАНОВИЧ
1966 жылы Жамбыл облысы Жамбыл қаласында дүниеге келді. 1991жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Бала емдеу» мамандығымен бітіріп, дәрігер біліктілігін алды. Жалпы еңбек өтілі 27 жыл, денсаулық сақтау ұйымдарындағы басшылық лауазымдарда 11 жыл, соңғы жұмыс орыны Қалалық көп бейінді ауруханасы бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары, бас дәрігердің міндетін атқарды.