Жамбыл облысы аумағындағы коронавирустық инфекция бойынша 2020 жылдың 14 сәуіріндегі эпидемиологиялық жағдай туралы баспасөз конференциясы
Соңғы тәулікте Жамбыл облысында 3 жаңа коронавирусты инфекция жағдайы тіркелді. Аумақтар бойынша: Жамбыл ауданында 2 жағдай, Қордай ауданында 1 жағдай.
— 1-ші жағдай бойынша – науқас Қордай ауданы, Әлжан Ана ауылының тұрғыны, бұрын науқаспен байланыста болу себебінен Тараз қаласындағы карантиндік стационарда болған, 2 рет тексерілген, нәтижесі 10.04.2020 ж. теріс, 13.04.2020 ж. стационардан шығарар алдында оң зертханалық нәтиже алынды. Эпидемиологиялық тексеру барысында қарым қатынаста болған 3 адам анықталды.
— 2-ші жағдай бойынша – науқас Жамбыл ауданы, Жалпақ төбе ауылының тұрғыны, бұрын науқаспен байланыста болу себебінен Тараз қаласындағы карантиндік стационарда болған, 2 рет тексерілген, нәтижесі 03.04.2020 ж. теріс, 13.04.2020 ж. стационардан шығарар алдында оң зертханалық нәтиже алынды. Эпидемиологиялық тексеру барысында қарым қатынаста болған жаңа тұлғалар анықталған жоқ.
— 3 жағдай бойынша – науқас карантиндік стационардың кіші медициналық қызметкері, Жамбыл ауданы, Қызылтаң ауылының тұрғыны. Дене қызуының көтерілуі, тамақтың ауыруына шағымданып Тараз қаласының провизорлық стационарына жатқызылды. Келіп түскен кезде бірден материалдар алынды, ПТР нәтижесі оң 13.04.2020 ж.
Оң нәтижеден кейін барлық науқастар стационарлық емге Тараз қаласының жұқпалы аурулар стационарына тасымалданды.
Қарым қатынаста болған тұлғаларды анықтау, жұқтыру қаупі бойынша мәртебесін анықтау жұмыстары жалғасуда. Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізілді.
2020 жылғы 14 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында 49 коронавирустық инфекция жағдайы тіркелді, 100 мың адамға шаққанда көрсеткіш 4,2 құрады.
Аумақтар бойынша: Тараз қ. — 6 жағдай, Жамбыл ауданы — 3, Қордай ауданы — 30 жағдай, Меркі ауданы-2 жағдай, Мойынқұм ауданы-1 жағдай, Шу ауданы-1 жағдай, 6 жағдай — Үндістан — Тараз VSV-5053 рейсінен.
3 науқас ауруханадан сауығып шығарылды, әрі қарай 14 күнге үй жағдайында карантиндік бақылауда.
Инфекциялық стационарда 43 науқас, провизорлық стационарда 24 науқас емделуде.
Облыс аумағында әрбір COVID-19 жағдайына міндетті эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі, облыс бойынша инфекция ошақтарында 606 қарым қатынаста болған адам анықталды, оның ішінде 404 жақын және 202 ықтимал байланыста болғандар. Қарым қатынаста болған адамдарды оқшаулауға, сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуына бақылау жүргізіледі. Барлық жақын қарым қатынаста болған адамдар карантиндік стационарда оқшауланған, ал ықтимал байланыста болған адамдар күнделікті медициналық бақылауда болады.
Бұл бағытта іс шаралар әрі қарай жалғасуда.