• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:57
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Кәсіпорындарды аралады

turan_admin turan_admin
14.04.2020, 17:15
Облыс жаңалықтары
Кәсіпорындарды аралады
367
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Кәсіпорындарды аралады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Тараз қаласындағы бірқатар өнеркәсіп нысандарына барды. Ондағы мақсат – олардың қызметімен танысып, кездесіп отырған өзекті мәселелерді шешу жолдарын саралау.

Облыс орталығында ірі азық-түлік қоймаларының бірі — «Тараз-Холод» ЖШС 2007 жылдан бері жұмыс істеуде. Оның аумағы 6 мың шаршы метрді құрайды. Онда жүздеген тонна ұн, күріш, қарақұмық, балық, құс еті, макарон, кондитерлік өнімдер және басқа да азық-түлік тауарлары сақталуда.

Кәсіпорын директоры Сәуле Жанабекова облыс әкіміне өнімдерді сақтау шарттары мен оны жүзеге асыру жолдары туралы айтып берді. Оның айтуынша, айтарлықтай мәселелер жоқ, дегенмен карантин енгізілуіне байланысты тауарларды тасымалдау бойынша бірқатар қиындықтар туындап отыр.

Б. Сапарбаев бұл мәселенің шешілгендігін тілге тиек етіп, тек облыстық жедел штабқа тиісті өтінім беру керектігін, сол бойынша компанияның автомашиналарының нөмірлері қала мен облыс аумағында қозғалуына рұқсат етілген көлік құралдарының жалпы базасына енгізілетінін жеткізді.

«Запчасть» акционерлік қоғамының металлургиялық зауытында темір жол көлігіне арналған тежегіш қалыптарын, құрылысқа арналған арматуралар шығарылмақ. Алайда, қазір ол тоқтап тұр. Зауыт директоры Әділбек Құлбаевтың айтуынша, цехтарды іске қосу жұмыстарын жүргізу қажет. Карантинге байланысты ол кейінге қалдырылуда екен. Бұл тұрғыдағы мәселе мамандарға байланысты болып отыр десек, оған Қытайдан арнайы мамандарды шақыру көзделуде.

Облыс әкімі бұл іске қол ұшын беруге дайын екендігін жеткізді.

— Мамыр айынан бастап бізде ауқымды құрылыс жұмыстары басталады. Бұл тұрғыда сіздер шығаратын арматура заты құрылыс нысандарына аса қажеттігін айтпасақ та түсінікті. Сол үшін зауыттың іске қосылуын жеделдету керек, — деді ол.

Құрылыс материалдары нарығында 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Керамик инвест» ЖШС негізінен темір-бетон бұйымдарын шығарумен айналысады.

— Бізде шикізатқа қатысты кедергілер жоқ. Цемент Мыңаралдан, металл – Қарағандыдан әкелінеді. Өнімдерімізге өз өңірімізден бөлек Түркістан мен Қызылорда облыстарынан да сұраныс көп, — деді кәсіпорынның бас директоры Евгения Ли.

Аймақ басшысы биыл құрылыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артатынын, сондықтан да зауыт өнімдері әсіресе ішкі нарықта қажет болатынын атап өтті. Сондықтан қуаттылықты арттыру, өндірісті кеңейту үшін инвестиция тарту қажеттігіне назар аудартты.

Сондай-ақ, «Полиэтилен Агро» ЖШС де өз өндірісін кеңейтуді көздеуде. Бүгінде мұнда ауыл шаруашылығы арналған полиэтилен пленкасының өндірісі жолға қойылған. Жылдан жылға өндіріс көлемі артып келеді.

— Біз жаңа цех ашқымыз келеді, бірақ оған қуаттылығымыз жетіспеуде, — дейді кәсіпорын директоры Бахтияр Серкеев.

— Қажетті есептеу шараларын жүргізіп, жобалық-сметалық құжаттамаларыңызды дайындаңыздар. Біз «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында көмек көрсету жолдарын қарастырамыз, — деді облыс әкімі.

Өңір басшысы жұмыс сапары барысында «Good Look Сауда үйі» автоматтандырылған жемшөп өңдеу кешенінде болды. Мұнда тек ауыл шаруашылығы жануарлары ғана емес, құстарға да арналған азықтың көптеген түрлері өндіріледі. Кәсіпорынның өз қоймалары бар.

ЖШС директоры Румия Хашимованың айтуынша, зауыт өнімі біздің аймақтан бөлек, Түркістан облысына да, Өзбекстанға да жөнелтіледі. Ол сондай-ақ өндірісті одан әрі дамыту жөнінде өз ойларын ортаға салды.

— Сіздің ұсынысыз жақсы, бірақ оларды жан-жақты зерделеу керек. Әрине, облыс үші жақсы жем базасы қажет. Бұл мәселені біздің шаруаларымызбен бірге шаруашылықтардың бірінің базасында семинар түрінде талқылайтын боламыз, — деді Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.