• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Бердібек Сапарбаев Тараздағы құрылыс кәсіпорындарының жұмысымен танысты

14.04.2020
0
Бердібек Сапарбаев Тараздағы құрылыс кәсіпорындарының жұмысымен танысты
299
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бердібек Сапарбаев Тараздағы құрылыс кәсіпорындарының жұмысымен танысты

Ағымдағы жылы Жамбыл облысында ауқымды құрылыс көлемін жүзеге асыру міндеті тұр. Осы орайда бүгінгі күні карантинге байланысты шектеу шараларына қарамастан құрылыс материалдары мен конструкцияларын шығаратын жергілікті кәсіпорындардың резервтері мен мүмкіндіктерін нығайту қажет.

11 сәуір күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының бірқатар өндірістік кәсіпорындарын аралады. Ол алдымен «Гимарат Темір Бетон» ЖШС-нің өндірістік цехтарында, «Бином» компаниясының ірі панельді құрылыс комбинатында, сондай-ақ гипс шығаратын зауыттарда болды.

Тараз қаласында карантин жарияланғанына қарамастан темір бетон бұйымдар зауытында жұмыс қызу жүріп жатыр. Мұнда құрылыс пен ауыл шаруашылығы саласында қажетті бетон плиталар, науалар, бағандар, басқа да бұйымдар дайындалады.

Кәсіпорын директоры Қалдарбек Сматовтың айтуынша, шығарылған бұйымдарын өткізуде ешқандай кедергі жоқ. Өнім цехтардан тұтынушыларға тікелей жөнелтіледі. Дегенмен, карантиннің жариялануына байланысты тасымалдауға қатысты бірқатар мәселелер туындағанын жоққа шығармады.

— Зауытта 150 адам еңбек етеді,олардың еңбекақысы — 90-100 мың теңгеге құрайды. Мұқтаждарға материалдық көмек көрсетіліп тұрады, — дейді ол.

— Басты міндет – өндіріс қуатын арттыру, шығарылатын өнім көлемін еселеу. Ірі кәсіпорындар жұмыс істеуін тоқтатпау керек, бірақ барлық санитарлық шараларды сақтауға аса көңіл бөлген абзал. Ал тасымалдауға қатысты мәселелер шешіледі. Құрылысқа қажетті материалдар тасымалы, осы саланың мамандары үшін біз «жасыл дәлізді» қамтамасыз ететін боламыз. Сіздер тек жедел штабқа қажетті өтінімді жіберіңіздер, — деді облыс әкімі.

«Бином» ЖШС – Жамбыл облысының ірі құрылыс компанияларының бірі болып табылады. Меншікті көпфункционалды жаңғыртылған база, құрылыс техникасы мен автокөлік паркінің болуы, құрылыс бетоны, шыны пластиктің, ағаш және металл конструкцияларының өндірістері кәсіпорынға Қазақстанның оңтүстік аймағының кез келген нүктесіндегі жаңа құрылысты оң жолға қоюға мүмкіндік береді.

— Біздің үй құрылысы комбинатының жылдық қуаты 30 мың шаршы метрді құрайды. 2019 жылы Тараз қаласындағы 15 шағын аудандағы екі тұрғын үй, Қарасу массивінде 4 жатақхана, 9 шағын ауданда тұрғын үй және Сүлейменов көшесінде бір үй пайдалануға бердік. Қазіргі уақытта «Бином» ЖШС бес жобаны жүзеге асыруда. Соның бірі ретінде 9 қабатты ірі панельді тұрғын үйдің құрылысы жүргізіп жатқанымызды айтуға болады. Сондай-ақ, 2020 жылы мемлекет есебінен 60 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салу жоспарланған, — деді кәсіпорынның бас директоры Серік Олжабеков.

Облыс әкімі қалыптау және металлопластикалық цехтарда болып, құрылысшылармен жаңа ғимараттардың жобаларын талқылады.

— Мамыр айының бірінші күнінен бастап біздің облыста әлеуметтік нысандардың, оның ішінде тұрғын үй құрылысының қарқынды жұмысы басталады. Бұл істе біз сіздердің комбинаттарыңызға да сенім артып отырмыз. Сіздерде қуатты база, жақсы мамандар бар. Алайда, тұрғын үй салу кезінде бір ғана үлгімен шектелмеу керек. Ғимараттардың қасбеттері әр түрлі болуы тиіс және бұл ретте олар көзтартатын дизайн элементтерімен көрініс тапқаны маңызды. Балкондар да тек темір бетонды емес, тартымды болғаны дұрыс, — деді Бердібек Сапарбаев.

Жұмыс сапары барысында ол сондай-ақ гипс өндіретін екі зауытта болды. Облыс әкіміне «КазУпакТрейд» ЖШС-нің техникалық директоры Сефеттин Хызарджы кәсіпорнының қызметі туралы жан-жақты баяндады. Оның айтуынша, кәсіпорын өнімдері тек Таразда ғана емес, үлкен көлемде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына да жөнелтіледі.

Ағымдағы жылдың үш айында 3200 тонна гипс шығарылған.

— Біздің құрылысшыларға қазір гипсокартон қажет. Неге сіздер осындай өнімнің өндірісімен айналыспайсыздар? – деді әкім өз сауалын жолдап.
Техникалық директор осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатқандықтарын айтып сендірді. Қазіргі уақытта Франциядан келген инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде екен. Егер уағдаластыққа қол жеткізілсе, өндіріс кеңейтіле түспек.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларымен кездесу барысында облыс әкімі жұмысшылардың жай-күйіне аса назар аудару керектігін баса айтты. Олардың жалақыларының уақытылы төленуі және карантин кезеңінде инфекциядан жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етудің маңыздылығын тілге тиек етті.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мемлекеттік қызмет – сабырлылықты және адалдықты талап ететін абыройлы міндет — әкім

Мемлекеттік қызмет – сабырлылықты және адалдықты талап ететін абыройлы міндет — әкім

23.06.2025
Бектенов: Қазақстан ЕҚДБ-мен әріптестікті тереңдетуге дайын

Бектенов: Қазақстан ЕҚДБ-мен әріптестікті тереңдетуге дайын

23.06.2025
Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді

Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді

23.06.2025
Сенаторлар жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды

Сенаторлар жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды

23.06.2025
Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

23.06.2025
Косметолог алматылықтармен тері күтімінің қыр-сырымен бөлісті

Косметолог алматылықтармен тері күтімінің қыр-сырымен бөлісті

23.06.2025
Қырғызстанда бір сағат ішінде екі жер сілкінісі тіркелді

Абай облысында жер сілкінісі болды

23.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты