Жамбыл облысындағы 2020 жылдың 7 сәуір сағат 14:20 «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 5 жағдай туралы ақпарат
Тіркелген 5 жағдайдың: 4 — Қордай ауданынан, 1 — Мойынқұм ауданынан.
Олар бұған дейін вирус жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған.
Зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
07.04.2020 жылғы жағдай бойынша Жамбыл облысында COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 45 адам анықталды.
Сонымен қатар, 07.04.2020 жылғы мәлімет бойынша барлығы 268 адам медициналық бақылауда.
:zap:Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы