• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Бердібек Сапарбаев Қордай ауданының тұрғындарымен кездесті

28.03.2020
0
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданының тұрғындарымен кездесті
485
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Сортөбе ауылында Қордай ауданындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі штабтың кезекті отырысын өткізді. Аймақ басшысы ауданға жұмыс сапары барысында «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебін тыңдап,  жергілікті тұрғындармен кездесті.

Облыс әкімі  аталмыш жоба аясында 13 мыңнан астам кордайлықты қамтыған 400-ден астам іс-шара өткізілгендігін атап өтті. Енді талдау барысында анықталған түйінді түйткілдерді шешу үшін жүйелі жұмыс істеу қажет. Бұл  туралы облыстық салалық басқармалардың басшылары – жұмыс топтарының жетекшілері егжей-тегжейлі баяндады. Олар жобаның ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, әлеуметтік, кәсіпкерлікті дамыту, дін және қауіпсіздік мәселелері бағыттары бойынша қолға алынған шараларға жан-жақты тоқталып өтті. Бір апта ішінде халықпен түрлі кездесулер өткізген жұмыс топтары ауыл тұрғындарының тіршілігіне қатысты барлық салаларды қамтыған.

Өңір басшысы кордайлықтардың өзекті мәселелеріне айрықша назар аударып, ауылдықтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін қосымша гранттар мен шағын несиелер бөлу шаралары басталғанына, асыраушысынан айырылуына байланысты тиісті жәрдемақылардың ресімделгеніне және оның уақытында төленетініне сендірді. Сонымен қатар, имамдардың ротациясы сияқты маңызды мәселелерге де көңіл бөлу керектігі айтылды.

Аудандық мәслихат депутаты Қарлығаш Қыпшақбаева аталған жоба Қордай тұрғындарының өмірін жақсартуға қауқарлы екендігін тілге тиек етсе, ал Қордай ауылының тұрғыны Болат Анарбеков несие беру және құжаттарды рәсімдеу бойынша тиісті мамандардың жиі келіп, жергілікті халыққа кеңес беріп отыруы бойынша өтінішін жеткізді.

Масаншы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Дидэр Двумаров 100-ден астам дүнгендік отбасы дәстүр бойынша Шу ауданына аттанғанын хабарлады.

Бердібек Сапарбаев бұған дейін мұндай отбасылардың саны 300-ге жуық болғанына тоқталып, жергілікті халықтың онда кедергісіз бара алатынын, жер бөлу мәселесінде ешқандай кедергілер туындамайтынын баса айтты.  Бұл мәселе аймақ басшысының тікелей бақылауында.

— Сіздер тек өздеріңіз үшін ғана жұмыс істеп қоймай,  облыстың және жалпы елдің азық-түлік қауіпсіздігіне де үлес қоса аласыздар. Бұл өте маңызды. Әсіресе қазіргідей күрделі жағдайда бұған айрықша ден қойған абзал, — деп атап өтті ол.

Сортөбе ауылының имамы Ғұбар Паншаров Қордай ауылдары қалыпты тіршіліктерін жалғастырып отырғандығын тілге тиек етіп, карантиндік шараларды барынша сақтауға атсылысатындықтарын білдірді.

Кездесуді қорытындылай келе, аймақ басшысы әрбір айтылған мәселеге көңіл бөліп, билік өз міндттерін күмәнсіз орындайтынын жеткізді. Бекітіліген жол картасына енген барлық мәселелер біртіндеп шешілмек. Аймақ басшысы оның орындалуына тікелей өзі қадағалау  жасап отырады.

— Тұрғындармен жиі кездесіп отыру керек. Жобадан алатын басты сабағымыз  сол. Мемлекет басшысы экономиканы дамыту және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөнінде нақты шаралар қабылдауда. Қордай ауданына да тиісті қаражат бөлінді. Ол оңайлатылған тәртіпте берілетін болады. Жергілікті тұрғындар жаңа жобалармен жұмыс істеуі тиіс.

Шекарадағы бақылауды, контрабандаға және қылмыстың басқа да түрлеріне қарсы күресті күшейтеміз.

Мектептердегі білім беру деңгейі төмен күйінде қалып отыр. Жергілікті оқу орындарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау қажет. Оқу үшін көрші Қырғызстанға барудың қажеті жоқ. Біз Сортөбе мен Масаншы ауылдарының арасында орналасатын колледж құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз, — деді аймақ басшысы.

Бердібек Сапарбаев әрбір ауданда магнитті-резонанстық томография аппараты болатын болса, адамдар құны қымбат талдау шаралары үшін облыс орталығына сабылмайтынына назар аудартты. Кез келген ауруды емдеудегі ең басты мәселе – дәл қойылған диагноз екендігін алға тартты.

— Қордай ауданында зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жақын арада басталады. Демеушілерден қаражат жиналуда. Дегенмен, жылжымайтын мүліктің барлық құжаттары тиісті талаптарға сай болуы керек, — деп атап өтті аймақ басшысы.

Бердібек Сапарбаев аудан және ауыл әкімдерінің түрлі мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіншіліктерін түсіндіру бойынша жұмыстарының әлсіздігін назар аударды. Адамдар көбісі олардан хабардар емес. Әкімдердің ең басты міндеті – қажетті ақпараттарды тұрғындарға жеткізу, бөлініп жатқан қаражаттар азаматтардың табыс деңгейін арттыруға  негізделгендігін тілге тиек етті аймақ басшысы.

Бердібек Сапарбаев қалпына келтіру жұмыстарынан бастап, тәртіп бұзғандарға қатысты қылмыстық істерді тергеу шараларының бәрі заң аясында жүргізілетінін еске салды.

— Біз құқықтық мемлекетте тұрамыз. Егер кімде-кім заңды бұзса, ұлт пен діни наным — сеніміне қарамастан, барлығы заң алдында жауап беретін болады, — деп түйіндеді облыс әкімі өз сөзін.

Сонымен қатар, осы күні Бердібек Сапарбаев «Қарасу» бақылау-өткізу бекетінде болып, шекаралық және кедендік қызметтердің, сондай-ақ Қырғызс Республикасынан келген азаматтарды тексеру іс-шараларын жүргізетін медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысты.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қырғызстанда бір сағат ішінде екі жер сілкінісі тіркелді

Абай облысында жер сілкінісі болды

23.06.2025
Алматы-Анталья бағытындағы ұшақ аяқ астынан Ақтауға қонған

Астана маңында жекеменшік ұшақ құлады

23.06.2025
Алматылықтарға ескерту жасалды

Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

23.06.2025
Қазақстанда “закладчиктерге“ қатысты жазаның жеңілдетілуі

ҚР Конституциялық соты және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау

23.06.2025
Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

20.06.2025
Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.06.2025
«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

20.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты