Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов Қордай, Меркі соттарында және Тұрар Рысқұлов сотында жұмыс сапарымен болып, азаматтарға көшпелі қабылдау өткізді.
Облыстық сот төрағасының қабылдауына ауданның бес азаматы проблемалық мәселелер бойынша жүгінді. Өтініштер кәмелетке толмағандырдың құжаттарын рәсімдеуге, жәрдемақы тағайындауға, сот актілеріне шағымдануға, тұрғын үй және еңбек дауларына қатысты болды.
Е.Ахметжанов қолданыстағы заңнама аясында қозғалған сұрақтарға, жауапты тұлғаларға ұсыныстар мен нұсқауларға жан — жақты жауаптар берді.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында облыстық сот төрағасы медиаторлармен және аудандардың билер кеңестерімен кездесті. Олармен сотқа дейін, сотта татуласу кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылай келе, Е.Ахметжанов жергілікті тұрғындар дауларды сотқа дейін шешуге, сондай-ақ дауларды шешудің балама әдістерін белсенді түрде насихаттауға және «Медиация туралы» Заңды қолданысқа енгізуге кеңес берді.
Сонымен бірге, сот төрағасы азаматтар мен жиналыс қатысушыларына, Мемлекет басшысының сот жүйесін реформаларына байланысты міндеттерді жүзеге асыру туралы Жолдауын түсіндірді.
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі