Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті Шу ауданы Дулат селолық округының әкімі М.Әлімқұловқа қатысты лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
М.Әлімқұлов «Шу ауданы Бәйдібек ауылында волейбол және минифутболға арналған аула, балалар және ойын алаңдарын орнату» нысаны бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін 1 241 мың теңге көлеміндегі төлемді заңсыз аудару (залал сотқа дейінгі тергеу барысында өтелді) жолымен лауазымды өкілеттігін асыра пайдалануда күдікті деп танылды.
Ағымдағы жылы 6 наурызда Шу аудандық сотының үкімімен М.Әлімқұловқа 500 АЕК көлемінде айыппұлға сотталды.
Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды