• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Облыс әкімі Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барды

06.03.2020
0
Облыс әкімі Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барды
445
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барып,  әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, мектеп, аурухана, кәсіпорын ұжымдарымен және аудан тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ, «Қаралма» тау шаңғы базасында болды.

Аймақ басшысының аудандағы жұмыс сапары Теріс -Ащыбұлақ су қоймасынан басталды.  Онда бүгінгі таңда  50 миллион текше метрден астам су жиналса, бұл қажетті көлемнің үштен бір бөлігін ғана құрайды. Оның басты себебі  қыс мезгілінде қардың аз түсуі. Айталық биыл тауларда әдеттегіден 40 пайызға аз қар жиналған. Сондықтан жергілікті әкімдік «Қазсушар» РМК — мен бірлесе отырып, ерте бастан шаруа қожалықтарын аралап,  вегетациялық кезеңде су мәселесі орын алмас үшін негізінен ылғалды көп қажет етпейтін дақылдарды егуге басымдық беруде. Бердібек Сапарбаев аталмыш жұмыстарды қолдап, бұл  жағдай Жуалы ауданында ғана еместігін алға тартты.

Бұдан соң  облыс әкімі Ақтөбе ауылдық округінің Бәйтерек ауылындағы 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның қызметімен танысты. Ал ауылдағы 1076  орындық Тайыр Тастандиев атындағы №11 мектепте  бүгінде бар болғаны 316 ғана оқушы білім алуда. Өңір басшысы мектеп ғимаратының қасбетін жөндеу керектігіне назар аударып, оны артық шығынсыз-ақ қалыпқа келтіруге болатынын жеткізді.

Мәдениет үйінде бәйтеректіктермен кездескен Бердібек Сапарбаев  облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы бойынша тиісті қаражаттың толық игерілмегендігіне, ауылдағы емдеу мекемесі мен әкімдіктің бір ғимаратта орналасқандығына көңіл бөлді. Жергілікті кәсіпкерлерді тарта отырып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа амбулатория салу керектігін айтып, ол бойынша  жауапты тұлғаларға тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Ауылдықтар жергілікті әкімдік қосалқы шаруашылыққа жер телімдерін бөлу мәселесін 10 жылдан астам уақыт бойы шеше алмай отырғандығын айтып шағымданды. Б. Сапарбаев бұл мәселе бойынша жауапты тұлғаларға тез арада тексеріс жүргізуді және оның қорытындысы бойынша өзіне баяндауды ескертті.

Қызыларық ауылдық округіндегі Ы.Алтынсарин атындағы № 17 орта мектепте облыс әкімі ауданның білім беру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бүгінде аудан бойынша  39 мектеп пен 32 балабақша жұмыс істеуде десек, жалпы орта біліммен 11 244 бала қамтылған.  Бұл бағыттағы көптеген мекеме ғимараттары күрделі жөндеуді қажет етеді.

Жергілікті ақсақал Серік Садыров техниканың тапшылығына шағымданып,  оның бағасының көрші мемлекеттермен салыстырмалы түрде алғанда әлдеқайда қымбаттығын алға тартты.

— Шағын шаруашылықтар кооперативтерге бірігуі тиіс. Сол арқылы  тиімді несиелендіруге қол жеткізе алады. Тұқым сапасына ерекше назар аудару қажет.  Жоғары сапалы тұқым сепсең жақсы өнім аласын, — деді Б. Сапарбаев.

Алатау ауылындағы ескі ғимаратта орналасқан мектептің жай-күйі көңіл көңшітпейді. Бұл орайда 100 орындық жаңа мектептің жобасымен танысқан аймақ басшысы  жобаның қажеттілігін атап өтіп, алайда құрылыс құнының тым қымбаттығын сынға алды.

Келесі нысан – Б. Момышұлы ауылындағы аудандық орталық аурухана болды. 98 төсектік аурухананың құрал-жабдықтармен қамтылуы деңгейі 92 пайызды құрайды. Бүгінде онда екі айға жетерлік дәрі-дәрмек қоры сақталған. Медициналық маскалар жеткілікті.

Мекемедегі басты мәселелердің бірі – дәрігер тапшылығы. Қазіргі таңда ауруханаға алты дәрігер жетіспейді. Сондай-ақ, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша әлі күнге  2817 жуалылық  тіркемеген. Бас дәрігер Алпысбай Батихан 16 наурызға дейін бұл бағыттағы жұмыстар толғымен аяқталатынына сендірді. Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев скрининг жүргізудің, ана мен бала өлімін азайтудың маңыздылығын а тоқталды.

Халыққа қызмет көрсету орталығына барған кезде Б. Сапарбаев келушілерге сапалы қызмет көрсетуге, балаларға арналған мемлекеттік әлеуметтік пакеттерді уақтылы ресімдеуге және дер кезінде  үлестірілуіне назар аударды.

— Атаулы әлеуметтік көмек алмайтын адамдармен тығыз жұмыс істеу керек. Оларға жұмыс тауып берсек – үлкен көмек болар еді. Тек кепілді жұмысқа орналастыру мүмкіндігі болғанда ғана жаңа мамандықтарға  ғана оқыту керек, — деп атап өтті аймақ басшысы.

Сондай-ақ, аудандағы ірі кәсіпорындардың бірі «Бурное сыр зауыты» ЖШС ірімшіктің сегіз түрін және басқа да сүт өнімдерін өндіруде. Зауыт алдағы уақытта айран мен йогурт есебінен өнім желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Б. Сапарбаев бұл бастаманы қолдап, оған барынша көмек көрсетуге уәде берді.  Кәсіпорында 100-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жылына 17,5 мың тонна битум шығаратын «ШақпақДорСервис» ЖШС жаңа зауыты іске қосылмақ.  Оған газ құбырының тартылмауы айтарлықтай кедергі болып отыр.

Құны 3,8 миллиард теңге болатын  «Қаралма» тау шаңғысы туристік базасы құрылысы қызу жүргізілуде. Қажетті инфрақұрылыммен қамтылған. Бүгінде аспалы  жолдың арқандары тартылып, 20 коттедж салынуда. Облыс әкімі бұл кешен толығымен іске асқан кезде туризмді дамытудың локомотивіне айналу мүмкіндігін, жергілікті билік ол үшін барлық жағдайды жасайтынын жеткізді.

 Аудан тұрғындарымен өткен қорытынды кездесуде жуалылықтар медициналық қызмет көрсету сапасына наразылық білдірді. Жиында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолынан  Қарасаз ауылына қарай өтетін көпір салу, механикаландырылған жасақ жұмысын қайта жаңғырту, қараусыз ескі жеміс бақтарын баптауға ниетті шаруаларға беру,   ауылдарды газдандыру ісін жеделдету мәселелері  көтерілді.

— Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін халықаралық қаржы институттарымен жұмысты жалғастыратын боламыз.  Алайда, алдымен арналар мен су қоймаларын ретке келтіру қажет. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамыту керек. Жуалы ауданы картоп шаруашылығына әбден төселген.  Бұл орайда аудан картоппен түгел облысты қамтамасыз етуге қауқарлы. Топырақтың құнарлылығын арттыру, минералды тыңайтқыштарды пайдаланудың маңыздылығы зор. Ауыспалы егістік жүйесін енгізу керек,- деді Б.Сапарбаев.

Сондай-ақ, пилоттық жоба бойынша бөлінген қаражатты игеруді 10 наурызға дейін аяқтау қажеттігі, келесі аптада ол бойынша аудан әкімдері  нақты есеп беретіндігі айтылды.

«Жаңа медпункттер салатын боламыз. Соған сәйкес емдеу ісі де сапалы жүргізілуі тиіс. Өкінішке орай, ақхалаттылардың  емделушілермен қарым-қатынасындағы мәдениетіне қатысты шағымдар аз емес. Алатау және Дихан ауылдарында ескі мектептердің орнына жаңа мектептер салынады. Бұл орайда бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына мән беріп, жобалардың сметалық құнын қайта қарағандұрыс.

Мен әкімдерден халықпен жиі кездесуін, олардың көтерген мәселелеріне дер кезінде назар аударуын талап етемін. Олардың жұмысы осы тұрғыда бағаланатын болады. Жақын арада тұрғындардың мәселелерін шешу үшін барлық ведостволардың бірінші басшылары аудандар мен ауылдарды аралай бастайды, — деп түйіндеді Б.Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына  қойылған сұрықсыз  ескерткіші сүрілетін болды

Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына қойылған сұрықсыз ескерткіші сүрілетін болды

3
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

3
Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
Бектенов ЖІӨ-нің еселенуі туралы: Биік мақсат, бірақ қол жеткізуге болады

Олжас Бектенов Назарбаевтар әулетіне қатысты тергеу ісі туралы айтты

15.07.2025
Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды

Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды

15.07.2025
Бақтыбек Сапарбекұлы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Бақтыбек Сапарбекұлы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

15.07.2025
Қордай ауданындағы 4 елді мекенге ауызсу тарту жоспарланған

Қордай ауданындағы 4 елді мекенге ауызсу тарту жоспарланған

15.07.2025
Мойынқұм ауданында жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді

Мойынқұм ауданында жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді

15.07.2025
Жыл басынан 7,9 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді

Жыл басынан 7,9 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді

15.07.2025
Үкіметте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстарға бақылау күшейтілуде

Үкіметте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстарға бақылау күшейтілуде

15.07.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты