• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Меркі ауданының әкімі аудан тұрғындары алдында есеп берді

07.02.2020
0
Меркі ауданының әкімі аудан тұрғындары алдында есеп берді
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Меркі ауданының әкімі М.Өмірбектің аудан тұрғындары алдындағы «2019 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы» аудан тұрғындары алдында есеп беріп, жылды қорытындылады.
Аудандық Мәдениет үйінде өткен есепті жиналысқа облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев қатысты. Аудандағы барлық атқарылған жұмыстардың оң динамикасын аудан әкімі Мейірхан Өмірбек тұрғындарға слайд арқылы көрсетіп, түсіндірді.
Мерейлі Меркі жерінің әкімі өзінің сөзінде шағын және орта кәсіпкерлер қатарын көбейту, әсіресе жастарды кәсіппен айналысуға тарту жұмыстарына баса назар аударғанын жеткізді. Айта кетсек, былтырғы жылы 510 азамат өзінің кәсібін ашуға 256 млн. теңге қайтарымсыз грант жеңіл алған. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы аясында 10 азамат жаңашыл жобаларын қорғап, 19 млн. теңге қайтарымсыз грант иегері атанған. Олардың ішінде лимон егу, кір сабын өндірісі, бөдене құсын өсіру, жемістерді құрғату жобаларын ерекше атап өткен жөн.
Сонымен қатар ауданда ауыл шаруашылығы өнім көлемі 104,9 пайызға өскен.
– Былтырғы жылы аудан аумағында 20500 гектар күздік бидай егу жоспарланса, 22620 га жерге дән егіліп, жоспар 110,3 пайызға орындалды,-деп бастады өз сөзін аудан әкімі.
Қант қызылшасы 2000 гектар жерге егіліп, 50 672 тонна өнім алынған. Облыс бойынша қант зауытына өткізілген өнім көлемі 136 300 тн болса, соның 50 мың тоннадан астамын меркілік диқандар өткізген. Қант қызылшасынан «Сыпатай батыр» ЖШС республика аймағында болмаған гектарынан 758 центнерден өнім алып, рекордты көрсеткіш өнім жинады. Ауыл шаруашылығы техникалары бойынша 2018 жылы 70 дана техника алынса, былтырғы жылы 99 дана техника сатып алынған. Бұл көрсеткіш те көңіл толтырары анық. Қазіргі күні ауданда пилоттық жоба аясында 19 техника сатылып алынған, демек биылғы жылы техникамен қамтамасыз ету көрсеткіші жылдағыдан да жоғары болады деген сөз.
Ауданда ет экспорты бойынша жұмыстар жанданған. Қой, сиыр етін экспорттау 1,64 есе артқан.
Десе де, мал басы азайған жоқ. Аудан аймағындағы шаруашылықтар шет елдерден асыл тұқымды мал алып келуді қолға алған. Мәселен, «Аспара-Хан» шқ. ақ бас 56 сиырын, «Алтын құс» шқ. 52 бас герефорд, «Достық» шқ. 50 бас қара ала, «Самғат» -45 – симметал, «Роза» — 40 бас қара ала мүйізді ірі қара әкелген. Ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар ет, сүт бағытындағы жұмыстарды жандандыру үстінде. Сүт бағытында 6, ет бағытында 5 кооператив жұмыс жасауда. Жыл бойы ауданнан 29549,9 тн.сүт өндірілсе, ет 12523,2 тн.-ны құраған.
Білім саласының да көрсеткіші жоғарылаған. 2017 жылы 209 бала грант жеңіп алса, 2018 жылы -321, 2019 жылы 330-ға жеткен. Орташа балл 98,18 құраған.
Ауданның 1-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту үлесі 97,6 пайызды құраған. Бұл облыс аумағындағы жоғары көрсеткіш болып отыр. 2019 жылы 1 жекеменшік балабақша, 1 – 120 орындық мектеп және 12 медициналық тірек пайдалануға берілген.
Тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция көлемі 2019 жылдың 12 айында 1397,2 млн.теңгені құрап, 2018 жылмен (1310,4млн.теңге) салыстырғанда 106,6% құрады. Қазақ Дихан ауылындағы 120 орындық мектептің құрылысы 2019 жылы толық аяқталып, 1-тамызда пайдалануға берілді,- деді аудан әкімі өзінің қорытынды есепті жиналысы барысында М.Азатұлы.
Жалпы ауданның барлық сала бойынша көрсеткіші жоғары дәрежені көрсетіп отыр. Мәселен, қазіргі уақытта Сарымолдаев ауылының су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүруде. 2018 жылы бюджеттен 568,2 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілген. Мердігер мекеме «KAZ Intel Group» ЖШС. 2019 жылға бюджеттен 444,4 млн.теңге бөлініп, 444,4 млн.теңге игеріп, құрылыс нысанын 2020 жылы толықтай пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Аудан бойынша Андас батыр және Кеңес ауылдарының су жүйесінің құрылысына ЖСҚ әзірленген. Жақын арада бұл мәселе де шешімін таппақ.
Сонымен қатар, Ойтал ауылындағы №12 Қ.Сарымолдаев атындағы орта мектебі қазандығының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Ендігі кезекте Гранитогорск ауылындағы 120 орынды мектеп құрылысы 2020-2021 жылдарға жоспарланған. Сондай-ақ Ақжол ауылына жаңа мектеп құрылысы мен №21 орта мектептің қосымша құрылысының облыстық басқармалардан келісімі алынса, бұл құрылыс нысандарының басталу күні алыс емес екен. Ағымдағы жылы Қ.Сарымолдаев атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп, №48 және №44 мектептерді күрделі жөндеуден өткізу және №8 – 120 орындық жаңа мектеп құрылысын жүргізу жоспарлануда.
Жеке тұрғын үй алқаптарына инженерлік инфрақұрылым жүргізіп, тұрғын үйге жер беру аудандағы өзекті проблемалардың бірі. Бүгінгі күнге 13 алқапқа жалпы 35 ЖСҚ әзірленген. 11 ЖСҚ сараптадан өткізіліп, құрылысына қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім тапсырылған. 1 алқаптың электр жүйесінің құрылысы 2019 жылы жүргізілді. 2020 жылға 4 алқаптың электр жүйелерінің құрылыстарына қаржы бөлінді, жұмыстары ағымдағы жылы жүргізіледі. 24 ЖСҚ-ға сарапта қорытындылары 2020 жылы алынып, құрылысын жүргізуге бюджеттік өтінім тапсырылады.
Аудандағы жолдардың жағдайы қанағаттанарлық күйде. 2019 жылы облыстық мәндегі Меркі-Бурылбайтал, яғни Лермонтов көшесінн Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолына шығатын 7 шақырым жол асфальтталды. Сонымен қатар, Меркі шипажайы жолы 7,34 шақырым жол толығымен асфальтталдып отыр. Аудандық мәндегі андас –Гранитогор 12 шқ., Ойтал-Қызыл Қышлақ – 19 шақырым жолдар мен ауылішілік 15 көше жөндеуден өтті.
2020 жылға орталық базар мен мал базарын көшіру жұмыстары үлкен жоспар болып отыр. Аудан орталығындағы Исмаилов көшесі бойымен 12 сағат ішінде 20 664 көлік жүретіні зерделенді. Бұл көлік кептелісінің алдын алу және жабайы базармен күрес мақсатында орталық базарды алаңнан алшақ орналастыру — ортақ шешіммен қабылданды. Қазірде 3 гектардай жерде орын тапқан ескі базар жаңа орнында заманауи стандарттарға сай көлік тұрағымен, т.б 12 гектар жерге ауыстырылатын болады.
Аудан тұрғындары 71,6 пайыз орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 16 ауылдың су мәселесін шешудің де жоспары жасалған. Егер 6 ауылдың су мәселесі жаңа құрылыспен шешілсе, 10-ын ағымдағы жөндеу жұмыстарымен шешілмекші. Өйткені мұндағы су ұңғымалары жарамды, қосалқы трансформаторлар қойып, құбырларын тартса, мәселе оң шешімін таппақ. Облыстық көрсеткіш 57,4 пайызды құраса, Меркі ауданының көрсеткіші ол көрсеткіштен жоғары. Дегенмен, тұрғындарды сапалы сумен қамту басты мәселе.
Ауданда спорт саласы үлкен жетістіктерімен қуантуда. Мәселен, 2017 жылы алтын медальмен марапатталғандар саны 160, 2018 жылы 242 болса, 2019 жылы ол 319-ға артқан. Жалпы жыл бойы үлкен жарыстардан 1125 спортшы жеңіспен оралған. Бұл саланы да аудан әкімі зерделеп, әрбір жаттықтырушы мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жетістіктеріне талдау жүргізген. Егер маманның жыл бойғы көрсеткіші төмен болса, оған тиісті шараларды қолдануды тапсырған. Оның әрбір жылдағы көрсеткіштері таблица арқылы сараланып тұратын болады. Бұл сұраным тек спорт саласына ғана емес, әрбір мектептегі пән мұғалімдеріне де тиесілі болып отыр. Осылайша аудан әкімі әрбір мектеп ұстазының білім беру сапасы мен жетістіктерін зерделеп отыратын болады. Мәселен, олимпиадалар мен байқаулардан, Алтын алқа иегерлері мен үздік оқушылар тәрбиелеп шығарған мектептердің таблицасы қорытынды есеп барысында көрсетілді. Көрсеткіші төмендеген білім ордалары директорларына алдағы жылы жұмыстарды жандандыруды ескертті. «Қазақстанның болашағы білімді жастарда» екенін атап өтіп, сапалы білім беріп, саналы тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу әрбір ата-ана мен ұстаздардың міндеті екенін қадап айтты.
Тәрбиелі, білімді ұрпақ бар жерде қылмыс та болмайды. Мәселен, ауданда өткен жылы қылмыс көрсеткіші 22,1 пайызға, ұрлық 25,8, мал ұрлығы 38,4 пайызға төмендеген. Демек, құқық қорғау органдары жұмыстарында алға ілгерулеу бар.есепті жиналыс барысында әрбір елді мекендегі қылмыс көрсеткіші таблицадан көрсетілді. Мәселен, Ақарал ауылында 2018 жылы 12 қылмыс тіркелсе, 2019 жылы бірде бір қылмыс орын алмаған. Яғни, тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізілген. Осы ауылды үлгі ете отырып, аудан әкімі барлық аудан тұрғындарын жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.
Аудан әкімінің баяндамасынан кейін тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Зейнеткер Нұрсұлтан Жәнібеков орталықтағы балалар кітапханасының жай-күйін айтып, оған жаңа ғимарат керектігін тоқталды. Шынында бұшл мәселе біраз жылдар өз шешімін күтіп тұрған еді. Биылғы жылы ол аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, мәселе шешілетіндігін жеткізді аудан әкімі. Сонымен қатар, осы азамат ауданға көкөніс цехы керектігін айтты. Бұл сұрағына аудан әкімі былай деп жауап берді:
– Ауданда бірнеше жыл бұрын көкөніс цехы бар еді. Ол нарықта сұраныс болмағандықтан жабылып қалды. Цех иесі сол жылдардағы
өнімі әлі өткерусіз цехта тұрғандығын айтты. Егер осы цехты қолға алып, жүргіземін деушілер болса, иесі оны жалға беруге дайын. Ал аудан көлемінде көкөністі өңдеуге қауһарлы цех Сұрат ауылдық округінде пилоттық жоба аясында ашылмақшы. Бұл цехты ашуға ниет білдірген азаматша қазіргі уақытта 10 миллион қаражатын алып, құрылғыларын сатып алып, дайындық үстінде,- деген жауабын берді.
Сонымен қатар, жиналыс барысында аудан тұрғыны, көпбалалы ана Саида Колигова аудан аумағындағы дәріханаларда медициналық маскалардың бағасы тұрақты ұстауын назарға алуды ұсынды. Өйткені ауа райының қолайсыздығы мен әлемде орын алып жатқан оқиғалар ешбір азаматты бейқам қалдырмайтыны анық.
Зейнеткер Саржанов Серік Меркі шипажай аумағында цифрлы телевидениенің сапасы нашар екендігін айтып, осы мәселені қолға алуды ұсынды. Бұл мәеле бойынша аудан әкімі Мейірхан Өмірбек орынбасары Марат Қасымға тиісті мамандармен бірге зерделеу жұмыстарын жүргізіп, 1 апта ішінде мәселені шешу жолын нақтылауды тапсырды.
Жарыссөзге шыққан Сұрат ауылының тұрғыны Күлайша Қалдарбаева облыс әкімі мен Өкімет басшыларына пилоттық жоба аясында халыққа көрсетіліп жатқан көмектерге алғысын білдірді. Сонымен қатар, Кази Жұмалиев жастарға тәрбие берудің, оларға үлгі көрсетудің маңыздылығы туралы ой қозғады.
Жиналыс соңында аудан әкімі тұрғындарға жеке қабылдау жүргізді. Оған бірнеше азамат келіп қайырылып, сұрақтарын қойды.
«Жылдық жұмыстың қорытындысы нәтижелі, 2019 берекелі жыл болды, аудан әкіміне мың алғыс, жұмысына ризамыз»,-деп тарқасты ауыл тұрғындары.

Ләззат Құралбаева,
Меркі ауданы

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

20.06.2025
Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.06.2025
«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

20.06.2025
Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

20.06.2025
«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

20.06.2025
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты