29.01.2010 ж. 05.45-те Шу қалалық станциясынан 103 қызметіне вирусты инфекциямен клиникалық көріністері бар Қытай Халық Республикасының азаматтары болып табылатын жолаушылар туралы хабарлама түсті. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 06.01.2020 жылғы №1 – ПГ Вр «ҚР аумағында белгіленбеген этиологиядағы пневмонияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық — профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы» Қаулысына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының және ККБТУ қызметкерлерімен бекітілген алгоритмге сәйкес келесі іс-шаралар өткізілді:
- «Сарыағаш – Нұр-Сұлтан» бағытындағы № 086 пойыздан Қытай Халық Республикасының екі азаматы түсіріліп, Шу орталық аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде медициналық бақылауға алынды. Олар орталық аудандық ауруханасының және облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының мамандарымен қаралды: ЖРВИ (жедел респираторлы вирустық инфекция) ? — диагнозы қойылды.
Пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық, емдерін қабылдауда. Бақылау кезінде дене қызуының көтерілуі байқалмады.
- Облыстың медициналық ұйымдары мен Шу ауданының медициналық ұйымдары жеке қорғану құрылғыларымен, дәрілік препараттармен, бір рет қолданылатын бетперделермен және залалсыздандыру құралдарымен толық қамтамасыз етілген.
- Осы вагонда болған жолаушылар 14 күн бойы тұрғылықты мекен-жайы бойынша медициналық қызметкерлердің қатаң бақылауында болады.