• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ЖАМБЫЛДЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АЛАҢ АШЫЛДЫ

25.12.2019
0
ЖАМБЫЛДЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АЛАҢ АШЫЛДЫ
735
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған айтулы нысандардың бірі – Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешені аумағында «Даңқты спортшылар алаңы». «Көне Тараз» қоғамдық қоры қаржыландырған нысан құрылысын Еркін Құлманбетов жетекшілік ететін «Астана UP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген.
Нысан әр жылдары спорт сайыстарында ел намысын абыройлы қорғаған Жамбыл жұртшылығының мерейін асырған спортшылардың құрметіне орнатылған. Аталған алаңның ортасында биіктігі 6,5 метрді құрайтын факел орналасқан. Оның екі шетінде травертин және гранит материалынан дайындалған, биіктігі 3 метр, ұзындығы 9 метр болатын 2 құрмет тақтасы қойылған. Құрмет тақтасында Жамбыл өңірінен шыққан даңқты 145 спортшының және 96 еңбегі сіңген жаттықтырушының есімі жазылған.
Алаңның ашылу салтанатына арнайы қатысқан грек–рим күресінен Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, Әлем чемпионы, Қазақ КСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіров облыс спортының жеткен жетістіктері мен мерейінің үстем екендігін айрықша айтып өтіп, аталған нысанның ашылуымен барша жиналғандарды құттықтады. Бұдан соң сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков саланы дамытуда қолға алынып жатқан жемісті жұмыстарды тілге тиек етті. Сондай-ақ салтанатты жиында алаңға есімі жазылған бірқатар спортшыларға арнайы куәліктер табысталды.
Айта кету керек, Жақсылық Үшкемпіров, Болат Жұмаділов, Ермахан Ыбраимов, Бақтияр Артаев, Бейбіт Ыстыбаев, Ақжүрек Таңатаров, Елдос Сметов сынды спорт саңлақтарының кіндік қаны тамған Жамбыл спортының шоқтығы биік. Тек ағымдағы жылдың өзінде 40 спорт нысаны пайдалануға берілді. Келесі жылы тағы 92 нысан халық игілігіне берілетін болады. Сонымен қатар, өңірде қазына қаржысы есебінен 2 және демеушілер есебінен 1 спорт кешені салынуда. Жыл басынан бері халықаралық деңгейдегі байрақты бәсекелерде ел намысын қорғаған 14 спортшы жүлделі орынға ие болды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: спортТараз

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты