Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Бөлімнің даму индикаторлары мен ҮЕҰ іс-қимылдарын мониторингілеуге, мемлекеттік органдарының қызметін бағалауға, тұрғындар арасындағы тіршілік әрекеттегі түйінді мәселелерін анықтау мен қатар қоғамдық-саяси ахуалды зерделеуге бағытталған социологиялық зерттеулерді жүргізу» салыстырмалы деңгейінің көрсеткіштерінің сараптамасы әзірленді.
2019 жылға арналған Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің даму бағдарламасы қала тұрғындары арасында даму индикаторларын бағамдауға басты құжат ретінде Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 2015-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының көрсеткіштері алынды. 2018 жылы Тараз қаласы бойынша 300 респонденттен сауалнама жүргізілсе, 2019 жылы сауалнамаға 1506 респондент қатысты. Оның ішінде 990 дана қазақ тілінде, 516 дана орыс тілінде сауалнама жүргізілді. Өткен жылы респонденттердің 70 пайызы ғылым, мәдениет, білім саласының қызметкерлері болып. Қалған 30 пайызы мемлекеттік қызметкерлер, өзін-өзі қамтушылар, кәсіпкерлер, мәдениет пен салаларының мамандары және түрлі маман иелері қатысты. Ал 80 пайыз бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мүгедектер, зейнеткерлер, ересек жастағы адамдар, жұмыссыздар,қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысып, белсенділік танытты.
Сауалнама нәтижесі бойынша белсенділік танытқандардың өзге дін өкілдеріне деген оң көзқарасы 37,7 пайызды құрады. Ал қаламыздағы ҮЕҰ жұмысымен 22 пайыз ғана адам таныс болып шықты. Бұл 218 адамды құрайды. Дегенмен «ҮЕҰ қоғам дамуына әсері қандай?» деген сауалға 59,2 пайыз, яғни 586 адам «өте жақсы» деп баға берген. Ал қаладағы саяси ахуалды жіті бақылайтын 653 адам шаһар басшылығының жұмысын жоғары бағалап отыр. Бұл сауалнамаға қатысушылардың 66 пайызын құрады.
Өз кезегінде өңірдегі әлеуметтік мәселелердің ішінде көпшілік үшін ең өзектісі жұмыссыздық жайы болып шықты. Бұл сауалға барлыны 2178 адам қатысып 506-сы екі қолға бір күрек таппай қалудан қорқатынын жеткізген. Тиісінше азық-түлік бағасының қымбаттауы 478 адамды, коммуналдық қызмет бағасының аспандауы 214 адамды мазалайды екен.
Тұрлыхан Камал
«Жамбыл облысы Жастар мәслихаты»
жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы