• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ОРЫНДАЛУЫ

14.11.2019
0
БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ОРЫНДАЛУЫ
309
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін, Баспасөз үйінде «Жамбыл облысы жастар ұймдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, ҚР Ақпараттық және Қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша   республика көлемінде бірқатар жұмыстар жүргізілгені туралы И.Дастан баяндады.

Грант аясында бес бастаманы мониторингілеу мақсатында сарапшылар тобы құрылды. Сарапшылар бірлесе отырып зерттеу бағдарламасы және оның құралдарын (әдістеме, сұхбат, сауалнама, фокус-топ) әзірлеп, 17 өңір бойынша ұсыныстарды мемлекттік  органдарға жолданды. 

Бастамалардың орындалуы бойынша Жамбыл облысы бойынша 9 мүдделі мемлекеттік органдардың басшылығынан бес бастама бойынша сұхбаттар алынды.  Ютуб арналарында жарияланып, осы күнге дейін 2000-нан аса адам ақпаратандырылды. 

Сонымен қатар, 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша пәтер иелері, кәсіпкерлер, тұрғылықты халықтан адрестік сауалнама жүргізіліп, фокус топ отырыстары өткізілді. Сауалнамаға 2100 респондент қатыстырылса, фокус топ отырыстарына 17 өңір бойынша 248 мемлекеттік органдардың жауапты уәкілдері және  әр түрлі санаттағы тұрғындар қатысты.

 Онымен қоса, облыс көлемінде «Жасырын тұтынушы» жобасы арқылы  34 мекемеде мониторинг жүргізіліп, 11 кемшілік анықталды. Оның ішінде бізді мазалайтын мәселе Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінен кеңес алу үшін 4-5 сағаттық кезекте тұру. Анықталған кемшіліктер бойынша мемлекеттік мекемелерге жолданып, жауаптары алынды.

Қоғамдық мониторинг жүргізу барысында  J-Reception.kz   сайты арқылы тұрғындардың ұсыныстары, пікірлерін, өтініштері мен сұрақтарын жолдау үшін интернет қабылдау желісі қосылып, жоба басталғанан бүгінгі күнге дейін 53 сұрақтар қабылданып, мүдделі органдарға жолданып жауаптары алынуда.

Азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған бейнеролик әзірленіп, 5 БАҚ беттеріне жарияланып, 175 000 мыңнан астам қаралым жинады.

Аталған грант аясында облысы көлемінде бес бастама бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ:

Облыс көлемінде 405 тұрғыннан сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнаманың қорытындысы ретінде әр бастама бойынша жеке – жеке тоқталсақ: 

БІРІНШІ БАСТАМА — “Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру” туралы ақпараттанған адамдар 37,0%-ды құрады, ал мүлдем естімегендер  саны 23,9% болып шықты. Естідім, бірақ мәнісін түсінбедім нұсқасын таңдағандар 10,9%.

Ақпарат ретінде айта кетейін: 2019 жылы “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысандарына 16,0 млрд. теңге бөлініп игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен 5,9 млрд. теңге бағалы қағаздар есебінен 6,2 млрд. тенге жергілікті бюджеттен 3.9 млрд. теңге 

Аталған қаржылар есебінен 32 көп пәтерлі тұрғын үйлер пайдалануға берілді (оның ішінде кредиттік -20 үй, арендалық-6 үй, 4 жатахана)

Нәтижесінде 1990 пәтер пайдалануға беріліп, 4 654 жер учаскілеріне инженерлік — комуникациялық инфрақұрлым тартылды.

“7-20-25” бағдарламасы аясында

Арай-2 мөлтек ауданынан 480 пәтердің 378 пәтер Нұрлы жер бағдарламасы бойынша сатылып қалған 102 пәтердің 51-і сатылды оның ішінде 

1 бөлмелі -6, 2 бөлмелі -23, 3 бөлмелі -21, 4 бөлмелі -1.

44 пәтер “ҚТҚБЖ” АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалына өткізілді. 

15 мөлтек ауданы бойынша 720 пәтердің 425-сі “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша сатылды. Қалған 295 пәтер “7-20-25” бағдарламасы бойынша сатылымда.

295 пәтердің  91 сатылды оның, ішінде 1 бөлмелі-8, 2 бөлмелі-73, 3 бөлмелі-10 (қалғаны 204)

Жалпы 142 пәтер сатылып, мемлекетік бюджет кірісіне 927 701 600 тенге түсті.

ЕКІНШІ БАСТАМА

“Екінші бастаманың бағдарламасын іске асыру кезінде қандай қиындықтар туындауы мүмкін?” сауалына 66,7%-ы Шағын және орта бизнес секторындағы қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін қосарлы бухгалтерлік есеп жүргізу мәселесін көрсетсе, 25,2%-ы “сыбайлас жемқорлық қауіптері” кездесу ықтималдығын атады. Ал “Жергілікті жерлерде осы бастаманы дұрыс түсіндірмеу” нұсқасы 8,2% адамды мазалайды екен.

Бұл бастама халықтың табысын айтарлықтай жақсартады. Бұл сауалнамаға қатысушылардың 69,8 пайызын құрады.

ҮШІНШІ БАСТАМА

“Жоғарғы білім алудың қол жетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатаханадағы жағдайын жақсарту” үшінші бастамасы бойынша 68,6% — » Бұл бастама білім беру сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді, өйткені студенттер тұру және тіркеу мәселесіне алаңдамайды» деп көрсетсе, 25,8%  жатақхана құрылысы процессі ұзаққа созылуы мүмкіндігін көрсетеді. Қалған 5%-ы студенттердің баспанасы білім берудің басты шарты еместігін көрсетіп отыр. Аталған бастама бойынша ақпараттанған адамдар 27,7%-ды құрады, ал мүлдем естімегендер  26,4% болып шықты. Естідім, бірақ мәнісін түсінбедім нұсқасын таңдағандар 22,6%.

ТӨРТІНШІ БАСТАМА

Бес әлеуметтік бастаманың төртінші бастамасы «ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУДІ КӨБЕЙТУ»  төртінші бағыты бойынша  өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады. 

Аталмыш әлеуметтік бес   бастаманың төртінші бастамасы «ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУДІ КӨБЕЙТУ»  төртінші бағыты бойынша Жамбыл облысы, әр ауданда сауалнама жүргізілген болатын.  Сауалнама нәтижесі бойынша “СІЗДІҢ ОЙЫҢЫЗША «ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУДІ КӨБЕЙТУ» 4 БАСТАМАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ ҚАНДАЙ ҚИЫНДЫҚТАР ТУЫНДАУЫ МҮМКІН?”-. деген сауалға 

ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРДЕ БАҒДАРЛАМАНЫ ДҰРЫС ТҮСІНДІРМЕУДЕ деп Тараз қаласының тұрғындары —  73,9%, Байзақ ауданы  90,0%, Жамбыл ауданы  83,0%, Жуалы ауданы 82,1%, Қордай ауданы 77,8%, Меркі ауданы 66,7%, Мойынқұм ауданы 50,0%, Сарысу ауданы 50,0%, Шу ауданы 66,7% жауап берсе, ҚАРАЖАТТЫ МАҚСАТСЫЗ ПАЙДАЛАНУ Байзақ ауданы  19,6%, Жуалы ауданы 17,9%, Қордай ауданы 22,2%, Мойынқұм ауданы 30,0%, Сарысу ауданы 30,0% жауап беріп, НЕСИЕ АЛУҒА ҚҰЖАТТАРДЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН КҮРДЕЛІ ТАЛАПТАР деп Меркі ауданы — 26,7%,  Сарысу ауданы — 20,0% жауап берді.

   Нақтылай келе, жалпы  облыс көлемінде жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша

  1. Жергілікті жерлерде бағдарламаны дұрыс түсіндірмеу- 73,0 %
  2. Қаражатты мақсатсыз пайдалану-17,9%
  3. Несие алуға құжаттарды ресімдеуге қойылатын күрделі талаптар-7,5%

4.Орындалу мен төлемдердің қысқа мерзімдері — 1,6% құрап отырғанын көрсетті.

Бастама мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беретіндігімен маңызды. Бұл әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды екенін атап өткім келеді.

БЕСІНШІ БАСТАМА

Бес әлеуметтік бастаманың бесінші бастамасы «ЕЛДІ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ЖАЛҒАСТЫРУ» бесінші бағыты бойынша  Жамбыл облысындағы сауалнама нәтижесі:

 «ЕЛДІ ОДАН ӘРІ ГАЗДАНДЫРУ» 5 ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР?

Газ тұтынушылары үшін қосылу қызметінің қымбаттығы деп Тараз қаласының тұрғындары — 54,3%, Байзақ ауданы — 60,0%, Жамбыл ауданы —  65,9%, Жуалы ауданы — 50,0%, Меркі ауданы — 86,7%, Мойынқұм ауданы 50,0% жауап берсе, Шалғайдағы елді мекендерді газбен жабдықтау талаптарына сәйкес келмеуі Тараз қаласы — 34,8%, Байзақ ауданы  — 30,0%, Жуалы ауданы — 25,0%, Қордай ауданы — 61,1% жауап беріп, Жеткізушілермен және қосалқы мердігерлік ұйымдармен проблемалар деп Жуалы ауданы — 21,4%,  Сыбайлас жемқорлық қауіптері деген жауапқа Жуалы ауданы — 3,6%,  Сарысу ауданы — 6,7% құрайтынын көрсетті. 

 Барлық сауалнамалар нәтижесінің көрсеткіштері:

  1. Газ тұтынушылары үшін қосылу қызметінің қымбаттығы — 56,0% құрап отыр. Сауалнама жүргізу барысында ауыл тұрғындарының қаражаттың жетіспеушілігінен газсыз отырғанын айтып түсіндірді. Бұған себеп- әр ауданда газ кіргізу қызметінің қымбаттығы. 
  2. Шалғайдағы елді мекендерді газбен жабдықтау талаптарына сәйкес клемеуі — 34,0%
  3. Жеткізушілермен және қосалқы мердігерлік ұйымдармен проблемалар — 9,1%
  4. Сыбайлас жемқорлық қауіптері — 9% құрап отыр.

Көгілдір отынның көпшіліктің тұрмысына тигізер пайдасы мол.Сол үшін Елбасының тапсырмасын тиянақты орындап, ел халқын мүмкаіндігінше  газбен қамту кезек күттірмейтін маңызды мәсеел. Бұл жұмыс қазіргі таңда Жамбыл облысында шыңдап қолға алынуда. 

Қорыта келгенде, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы негізінен әлеуметтік жоба болып отыр. Оның барлық пункттерінде қатардағы азаматтардың әл-ауқатын арттыру, болашаққа деген сенімін арттыру мақсаты тұр. Жоба аясында қоғамның барлық топтары қамтылды.

Жобаның қорытындысы ретінде  Әлеуметтік бес бастаманы орындалуы бойынша облыстық тәжірбиелік конференция ұйымдастырылды.

Басқосуда алғаш болып Тараз қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Диля Сөгжанова бес әлеуметтік бастаманың бірінші бастамасы бойынша хабарлама жасап, бүгінгі күні облыс орталығында «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша Сүлейменов көшесінің соңынан соғылған 15 мөлтек ауданда жəне «Арай-2» алқабында пəтерлер сатылып жатқанын жеткізді. Қазіргі таңда аталған бағдарлама бойынша 400-ге жуық тұрғын басыбайлы баспанасына қол жеткізіп үлгерген. Сондай-ақ сала маманы «Бақытты отбасы» кешенді бағдарламасы жасақталып, 300 азаматтың құжаты мақұлданғанын хабарлады. Өз кезегінде екінші бастама бойынша облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстарын жүргізу басқармасының басшысы Өмірзақ Қоспанов атқарып жатқан жұмыстарын баяндап, бұл бастамада жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту ұсынылғанын атап өтті. Осының нәтижесінде «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасымен бірлесіп, төмен жалақы алатын қызметкерлерге салық салудың оңтайлы механизмі анықталып, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкердің салық салынатын табысы сомасының 90 пайызы мөлшерінде жеке тұлғаның табыстарынан алынып тасталыныпты.

Сондай-ақ конференцияда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында облыста бірқатар жұмыстардың атқарылып жатқанын мәлімдеді.

– Студенттерді жатаханамен қамтамасыз ету мақсатында инвесторлармен айтарлықтай жұмыс жүргіздік. Сондай-ақ Атамекен кәсіпкерлер палатасында жиналыстар өтіп, «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамдық тарапынан мамандар кездесулер ұйымдастырылды. Елбасының аталған Үндеуіндегі мақсат-міндеттер бойына М.Х.Дулати атындағы ТарМУ тарапынан 500 орындық бір жатақхана салу жоспарланып, бүгінде оның құрылысы басталып кетті. ТарМПУ бойынша жатақхананың жобасы дайын. Тек оны салатын жер мәселесі шешілсе болды. Ол да әне-міне шешіліп қалу қажет. Сондай-ақ ТИГУ бұрынғы «Тараз» қонақ үйін сатып алу арқылы жатақхана мәселесін түбегейлі шешкелі отыр. Яғни, аталған қонақ үйді 500 студентке шақтап, ғимаратқа жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Сәтін салса ол жатақхананың құрылысы осы айда бітеді. Ал колледждерге келетін болсақ, облыс орталығында Жамбыл медициналық колледжі мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледждері жатақхананы қажет етеді. Нақтырақ айтқанда, аталған екі колледжге 650 орындық жатақхана қажет.

Бүгінде ол мәселені шешу үшін инвесторлармен жер мәселесі мен қаржы мәселесін шешу үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр. Демек, аталған жұмыстар келесі жылы басталып, жаңа оқу жылына дейін бітуі керек. Сондай-ақ Меркі ауданындағы №9 колледжге де 100 орындық жатақхана салу қажет. Қазіргі таңда инвестор табылып қойды. Енді жер мәселесі шешілсе жұмыстар басталмақ. Мұндағы жұмыс та жаңа оқу жылына дейін толық аяқталуы тиіс. Демек, келер жылы колледждерде екі жатақхана пайдалануға берілетін болады, – деді Талғат Салқанұлы.

Сонымен қатар жиында облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Аманов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы газдандыру бөлімінің басшысы Бақтыбай Қырықбаевта тиісінше әлеуметтік бастаманың 4-5 бастамалары бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстардың есебін берді. Сондай-ақ шараға қатысушылар баяндамашыларға сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар ала білді.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
ТЖД Алматылықтарға ескерту жасады

Алдағы күндердегі ауа райы

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты