Меркі ауданының прокуратурасымен құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмысқа қарсы күреске бөлінген бюджет қаражатын жұмсауда заңдылықты сақтау бойынша аудан әкімдігінің қызметіне талдау жүргізілді.
Ауданның бірнеше көшелеріне бейнебақылау жүйесінің сметалық құжаттарын дайындау барысында құрылыс жұмыстары мен құрылғылардың құнын арттыруға жол берілгені анықталды.
Атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі басшысының міндетін атқарушы өз лауазымдық өкілеттіктерін заңсыз пайдалана отырып, жобалау-сметалық құжаттама ретінде бейнебақылау жүйесін тиісті сараптамасыз орнату бойынша негізсіз жоғары соманы қабылдады, нәтижесінде мемлекетке 3,2 млн.теңге көлемінде залал келтірілді.
Меркі аудандық сотының үкімімен А. Әсілбайұлы ҚР ҚК-нің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал өтелу үстінде.
Жамбыл облысының прокуратурасы