Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Салқынбекұлы Садырқұловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Ерболат Салықбекұлы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Ауданның жалпы жер көлемі -908 691 га, 15 ауылдық округте 65 мыңнан астам халық, 20-дан астам өзге ұлт өкілдері өмір сүруде. /Оның 93,4 %-ы қазақ ұлты болса, 6,6 %-ы өзге ұлт өкілдері./
Ауыл шаруашылық саласында аудан-аграрлы ауданның бірі, басты жұмыс бағыты ауыл шаруашылығы саласымен тікелей байланысты болғандықтан, «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» бағдарламасы аясында ауданда жоспарлы жұмыстар атқарылуда.Ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы көлемі (ИФО) 2019 жылдың 8 айында 9,7 млрд. тг құрады, нақты көлем индексі – 102,8% орындалды. Оның ішінде егін шаруашылығы – 3,1 млрд.тг, мал шаруашылығы бойынша – 6,6 млрд. тг. 2019 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы саласына 1,9 млрд. тг инвестициясы тартылды, меже – 181,7 % орындалды.Қазіргі таңда аудан аумағында талапқа сай 2 ветеринариялық пункт бар. 2019 жылы ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге жергілікті бюджеттен 144 0,0 мың тг бөлінген.
Статистикалық және мемлекеттік кірістер басқармаларының есептілігіне сәйкес аудан аумағында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 4115 бірлік құрап отыр.«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 2017-2018 жылдары аудан аумағында несие алған 7 кәсіпкер 147,2 млн.тг өз кәсіптерін дамытуда. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша берілетін жеңілдетілген несие бойынша, Т.Рысқұлов ауданы бойынша 23 кәсіпкер 147 000 000 тг көлемінде несие алуға ұсыныс білдірді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдар аралығындағы бағдарламасы» аясында кәсіпкерлік негізінде 194 азамат оқуға жолданып, 182 азамат өз бизнес жобаларымен Сертификат алды.
Аудан бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы — 357,5 шақырым, 2019 жылы 8,8 шқ екі аудандық маңызы бар автомобиль жолдары барлығы 156 442,6 мың.тг қаражат мөлшерінде автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс саласы бойынша 2018 жылы жоспар 1,2 млрд.тг құрайды. Жыл басынан 13 жобалау- сметалық құжаттама әзірлеуге жалпы 31500,0 мың.теңге қаржы қаралып, қазірге жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Халықтың тұрмыс сапасын арттыруда әлеуметтік саланың жұмысы түбегейлі өзгеріп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артып келеді. Аудан аумағында бұл жұмыс өз деңгейінде атқарылуда.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында да ауданда айтарлықтай жұмыстар атқарылуда:бағдарлама аясында қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға 230 адам жолданды, 147 адамға 617,4 млн.теңге несие беру көзделіп, бүгінгі күнге 78 адам 254,8 млн.тг. несие алды; «Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға» 120 адам жоспарланып, 120 адам оқумен қамтылып, жоспар орындалды.
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің құрылымдық желісінде 65 білім беру мекемелері бар: 2019-2020 оқу жылына 14,4 мыңға жуық оқушы біліммен қамтылатын болады. Аудан бойынша қосымша білім беру мекемелерінде қамтылған оқушылардың саны — 4690. Бүгінгі күнде жалпы білім бөліміне қарасты 23 балабақша (14 мемлекеттік, 9 жекеменшік), 15 шағын орталықта 3262 бала тәрбиеленуде, аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 82,8 %, 3-6 жас аралығында – 99,0% құрап отыр.