Бүгінгі таңда облыс бойынша 4952 медициналық қызметкерлердің жұмыс орны толығымен компьютермен қамтылған.
Тараз қаласы мен аудан орталықтарында 391 медициналық мекеме бар. Оның ішінде медициналық ақпараттық жүйеге қосылуға тиіс, мекемелер саны — 370. Интернет желісіне қосылғандар саны — 352. Бұл 95% құрады. (Қала және аудан орталықтары деңгейінде 100% құрайды).
Жамбыл облысы медициналық ұйымдары 2 медициналық ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауда. «Elsi Med» медициналық ақпараттық жүйеcінде 14 ұйым және 33-і «Damu Med» медициналық ақпараттық жүйеcінде.
Ақпараттық жүйелерге 1 060 302 электрондық денсаулық паспорты енгізілген. Бұл «Халықты тіркеу регистрі» бойынша ақпараттық жүйесінде тіркелген 1 121 133 халық санының 94,6%-ды құрады.
«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің ДСМ-48 бұйрығына сәйкес, 233 бастапқы медициналық құжаттама нысандарының 203 – і толығымен сандық форматта медициналық ақпараттық жүйелеріне енгізілген.
Облыста барлық «Алғашқы медико-санитарлық көмек» ұйымдарында цифрлық сауаттылық посттары ашылды, барлығы — 52 пост. Жамбыл облысы бойынша пилоттық жобаның басынан бастап (2018 жыл 1 шілде) цифрлық дағдыларға оқытылған халық саны 775 507 құрады, ал 2019 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша цифрлық сауаттылық посттары арқылы 261 809 халық ақпаратпен қамтамасыз етілді.
«Damu Med» медициналық ақпараттық жүйеcіндегі мобильдік қосымшаға 45 714 адам тіркелген. 2019 жылдың 6 айлық қорытындысымен скрининг, флюро тексеруден, және дәрігерге дейінгі кабинеттерден міндетті түрде өту туралы жіберілген (PUSH) хабарламалардың жалпы саны — 872 058.
Қазіргі таңда 2 310 496 рет электронды жазылу арқылы дәрігердің қабылдауына жазылған. 24 325 электронды еңбекке жарамсыздық парағы ашылған. Оның ішінде — 18 646-і QR-код таңбасымен ашылған. Сонымен қатар, 17 416 электронды еңбекке жарамсыздық анықтамасы ашылған. Оның ішінде 12 683-і QR-код таңбасымен ашылған.
Нәтижесінде емханаларға келуі 2 есе төмендеп, мобильді қосымша арқылы алдын-ала дәрігерге жазылу нәтижесінде кезек күту 30 % төмендеген.