Айсұлтан Назарбаев Лондонда өз-өзіне қол жұмсағысы келіп, Росс Самбрук атты полиция қызметкерін тістеп алды деген жаңалық әлеуметтік желілерді, жаңалықтар порталдарын және мессенджерлерді біраз «шулатты».
Zakon.kz болса, «Строгий агашка» телеграмм-арнасына сілтеме жасап, ақпарат таратты. Бұл тақырыпқа қатысты толық материалды кеше түнде ВВС жариялады. Олардың мәліметтері бойынша, Айсұлтан Назарбаев полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны үшін айыпталған. Судья Филипп Бартл 4 шілдеде өткен отырыста айыпталушыны кепілдікке жіберетінін айтқан, алайда ол үшін Айсұлтан оңалту клиникасына (есірткіге байланысты) жіберіліп, ем алуы қажет. Бұдан басқа, ВВС материалында мемлекеттік айыптаушы Грегор Мак Кинли «қазақстандық билік өкілі» полицияға қоңырау шалып, бұл істі «тыныш қалдыруды» сұрағаны туралы хабарлаған. Бұл жайтты тексеріп көреміз. Мәлімдеме: Лондонның Саусварк ауданының соты Айсұлтан Назарбаевты дене жарақатына әкелген шабуыл үшін (полиция қызметкеріне) айыптап, істі қарастырып жатыр. Айсұлтан Назарбаев өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген кезде құтқаруға тырысқан полицейді тістеп алған, деп хабарлайды ұлыбританиялық сот жаңалықтарының ресурсы.
Үкім: Шындық
Сот бұл айыптаулар мен мән-жайларды шынымен де қарастырып жатыр. Алайда, әзірге алдын ала тыңдаулар ғана өтті. Фактілер сот барысында не дәлелденеді, не теріске шығарылады деп мәлімдеді, factcheck.kz-ке жауап берген Скотланд-Ярд өкілі. Жаңалық қайдан шықты? Жаңалықтар порталдары, сондай-ақ газеттер мен түрлі таблоидтар сот жаңалықтарымен айналысатын Court News ақпараттық онлайн басылымына сілтеме жасайды. Бұл ресурс сонау 26 маусым күні 3 және 5 маусымда болған оқыс оқиғалар және кейінгі талқылаулар туралы хабар таратқан болатын. Сондай-ақ басылым кеше 4 шілде күні соттағы алдын-ала тыңдау нәтижелері туралы материал жариялады. Сонымен, 26 маусым күні Court News былай деп хабар таратты: Қазақстан Президентінің немересі (жиені) 5 маусымда өз-өзіне қол жұмсамақ болған кезде полицейді тістеп алған. 28 жастағы Айсұлтан Назарбаев констебль Росс Самбукқа шабуыл жасады деп айыпталуда. Оқиға орны хабарланғандай – Ститависток стритте орналасқан пәтер… Саусварк Корольдік сотына полиция екі күн бұрын Назарбаев болған қонақүйге (International Park Plaza Hotel) шақырылғаны белгілі. Онда ол балконға мініп алып, секіріп кетемін деп айтқан. Сонымен қатар, басылымның ақпаратына сәйкес, прокурордың сөзінше қазақстандық билік өкілдері Лондон полициясымен байланысқан. Онда қазақстандық тарап Айсұлтан Назарбаевты депортациялау мүмкіндігі туралы сұрастырған. Басылымның хабары бойынша, ол нақты дене жарақатына әкеп соққан шабуыл жасады деп айыпталуда. 4 шілдеде Court News BBC сияқты сотта алдын ала тыңдау нәтижелері туралы хабарлады: Қазақстан Президентінің немересі (басылым Айсұлтанды Президенттің немересі деп айрықша көрсетеді — Авт) полиция қызметкерін тістегенін жоққа шығаруда.. Хабарламада айтылғандай, Судья Филипп Бартл айыпталушыны кепілдікке босату туралы шешім қабылдаған, ол үшін оның жағдайына мамандар баға беріп, ол Priory group клиникаларының бірінде сотқа дейін, яғни келесі жылдың 20 наурызына дейін болады. Қазіргі уақытта Айсұлтан Wandsworth ерлер түрмесінде. Сотта ол айыптаудың бір эпизодын, яғни денсаулыққа нақты зиян келтірген шабуылды және мүліктік шығынына байланысты эпизодты жоққа шығарды. Лондон полициясы не дейді? Кеше біз Лондон полициясының байланыс жөніндегі директоры (елордалық полиция қызметі) Джек Гриффинмен (Jack Griffith,Press Bureau,Metropolitan Police Service,Directorate of Media and Communication) байланыстық. Оның мәліметінше, Court News басылымында жарияланған деректер «қазір болып жатқан сот ісіндегі есепке ұқсайды, бұл растап немесе жоққа шығаратындай нәрсе емес».
Zakon.kz-те (ксенофобтық мәнде) жарияланған нұсқаны тексеру мақсатында қойылған нақты сұрақтарға Скотланд-Ярдтың БАҚ және коммуникациялар жөніндегі маманы Асим Башир кейс қазіргі кезде сотта қаралып жатқанын айтты. Фактілер сот талқылауы барысында анықталып, дәлелденеді немесе теріске шығарылады. Естеріңізге сала кетейік, 4 шілдеде Саусварк ауданының корольдік сотында алдын-ала тыңдау өтті (нәтижесін жоғарыдан қарай аласыздар): Мұрағат деректері мен сот процестері бойынша каталогты ұсынатын заң ресурсынан алынған скрин. Осы іс бойынша сот отырысы туралы жазба кеше Лондон уақыты бойынша сағат 12-де тыңдаулар мұрағатында пайда болды. Қазіргі Ұлыбритания азаматтарының, оның ішінде Лондонның ұлттық құрамындағы ақ адамдар 60%-дан кем екенін ескерген де жөн. Басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.
Толығырақ — https://factcheck.kz/kaz/glavnoe-en/londonda-ne-boldy/. Материалды көшіріп басқанда factcheck.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс.