• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовқа арналған аудитория ашылды

27.05.2019
0
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовқа арналған аудитория ашылды
277
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиевтің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовқа арналған аудитория ашылды.

Азаматтарды құтқару, бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін өз өмірін құрбан еткен көптеген полиция қызметкерлерінің есімдері ішкі істер органдарының тарихына алтын әріптермен жазылған. Олардың арасында Жамбыл облысы Жол полициясы жеке батальонының бірінші взвод командирі, террористі ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың есімі ерекше. Ол Халық Қаһарманы атағына ие болған Қазақстандағы алғашқы және әзірге жалғыз полицей.

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері киелі Әулиеата жерінде осындай батыр дүниеге келгенін мақтан тұтады. Ол бейбіт тұрғындар мен өз жерлестерін қорғау жолында қаза тапты. Оның ерлігі ұмытылмай, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауда тұрған барлық полицейлерге үлгі болды…

Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының бастамасымен және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың қолдауымен заң факультеті аудиторияларының біріне осы ЖОО қабырғасында оқыған Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың есімі берілді, ал бүгінде осы жерде оның ұлы Арманжан жоғары білім алып жатыр.

Салтанатты іс-шараға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Рашид Жақыпов, ҚР Генералдар Кеңесінің Төрағасы полиция генерал-майоры Рүстем Қайдаров, Жамбыл облысы Полиция департаментінің және ҚазҰУ Заң факультетінің қызметкерлері, сондай-ақ Ғазиз Байтасовтың отбасы мүшелері мен туыстары қатысты.   

Іс-шараны Жамбыл облыстық Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасының аға инспекторы полиция майоры Гүлмира Қойшыбаева жүргізіп, батырдың ерлігіне тоқталып өтті.

Ең алғаш болып сөз алған Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов: — Ғ.Байтасов атындағы аудиториядағы сабақтар ЖОО студенттері үшін азаматтық ұстанымды қалыптастыруда және кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде патриотизмді дамытуда серпін болмақ – деп атап өтті. Келесі кезекте ҚР Генералдар Кеңесінің Төрағасы Рүстем Қайдаров, сондай-ақ Ғ.Байтасовтың ағасы Үсіпәлі Қалиев сөз сөйлеп, Байтасовтың ерлік істері мен батылдығы туралы, азаматтардың өмірін құтқару үшін өз өмірлерін құрбан еткен ерлерді ешқашан ұмытпауымыз керек екенін айтты. Олар осы университет түлектерінің Отанға адал және кәсіби қызмет етіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде лайықты қызмет ететініне сенім білдірді. Өз кезегінде батырдың жұбайы Гүлжамал Тәжиева Ғазизді ұмытпай, есімін құрмет тұтып жүрген барша ІІО қызметкерлеріне алғысын білдірді.  

Шара соңында жиналғандар 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың өшпес ерлікке қадам жасаған қаралы күнгі оқиға туралы деректі фильмді тамашалады.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

12.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты