Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 80 қадамында әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру бойынша тапсырмасына сәйкес «100 нақты қадам: Баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының 80 қадамыніске асыру мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен «100 нақты қадам «Ұлт жоспарын» денсаулық сақтау саласы және әлеуметтік даму саласында түсіндіру жөніндегі Штаб құрылған.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру бойынша 2018 жылы біршама жұмыстар атқарылды.
Тараз қаласымен аудандарда 96 сыртқы жарнама (баннер, билборд) орналастырылды. Баннер және билбордтар санын арттыру бойынша жұмыстары жүргізілуде.
14 қоғамдық сауда орындарында аудиороликтер таратылуда. Тараз қаласы мен аудандардың тұрғындарына 173343 дана ақпараттық-жарнамалық материалдар таратылды. Тараз қаласы мен аудандардың тұрғындарымен және ұжымдармен 6021 кездесулер өткізіліп, 729029 адамға жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Медициналық ұйымдарда ашық есік күндері және дөңгелек үстелдер 229 рет ұйымдастырылды. Байзақ ауданында медициналық қызметкерлер арасында және Тараз қаласының «Small» сауда орталығында флешмоб ұйымдастырылды, 512 тұрғынға алғашқы көмек көрсету тәсілдері түсіндіріліп, денсаулықтарының жағдайы жайында кеңес берілді, сонымен қатар МӘМС жүйесін жан-жақты түсіндірілді. Алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы «бестік» топтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша кеңес беру кабинеттерінде 232110 адамға кеңес берді. Әлеуметтік желілерде (денсаулық сақтау ұйымдарының ресми сайттарында, облыстық ақпараттық сайт zhambylnews.kz, әлеуметтік желілерде: facebook, VK, instagram) 380 ақпарат орналастырылды. Баспасөз ақпарат құралдарында (Ақжол, Егемен Қазақстан, Жамбыл Тараз, Арай, Знамя труда, Казахстанская правда, Денсаулық әлемі және т.б. аудандық баспасөз) 158 мақала жарияланды. Облыстық «Jambyl», «77 ТВ» телеарналарында 7 сюжет берілді.
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қаладағы санаты анықталмаған азаматтар бойынша үй-үйді аралап,МӘМС жүйесін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биылғы жылдың басынан қала бойынша жалпы 61030 үй араланды.
2018 жылдың 26 наурызы күні қала әкімінің орынбасарымен қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде кесте бекітіліп, Төле би, Рысбек батыр, Достоевский көшелерінде және Қарасу, Салтанат, Қаратау мөлтек аудандарында орналасқан жатақхана тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жиналысқа 211 адам қатысты.
Сонымен қатар, қаланың ірі және орта кәсіпорындарының ұжымдарына МӘМС жүйесін түсіндіру жұмыстарын жүргізу кестесі бекітіліп, бүгінгі күнге «Арайстроймаркет», «Керамик-Инвест», «Жамбылхимстрой», «ЖЗМК-Имсталькон» ЖШС және т.б. мекемелердің ұжымдарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 1377 адам қатысты. Сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қаланың кәсіпкерлерімен (мейрамхана, кафе) 50 адамға және халықты жұмыспен қамту орталығында 8 шаруа қожалық өкілдеріне жиналыс өткізіліп, жиналыс барысында МӘМС жүйесі туралы түсіндірілді.
Қалада орналасқан ірі сауда орталықтары мен базарлар ұжымдарына МӘМС жүйесін түсіндіру кестесі бекітілді. Кестеге сәйкес «Алатау» және «Дос-нар» сауда орталықтарына, «Голубой экран» электроника сауда үйіне және «Орталық гастрономда» ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізіліп, 201 адам қатысты.
2018 жылыдың 28 тамызында Жамбыл облысы Тараз қаласы қаласы ішкі істер басқармасының ғимаратында бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бағыты бойынша және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидасы» бойынша, сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша кеңес беру жиыны өткізілді. Жиынға 83 адам қатысты.
Қалада орналасқан жоғарғы және орта мамандандырылған оқу орындарының ұжымдарына және білімгерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде кесте 2018 жылдың 20 қарашасы бекітіліп, кесте бойынша 1114 адам қамтылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жаңа моделін түсіндіру бойынша 2018 жылдың маусым-тамыз айлары аралығындағы медиа-жоспарына сәйкес аудандық баспасөз ақпарат құралдары «Жамбыл Тараз», «Талас Тынысы», «Знамя труда», «Жаңа өмір» және «Шұғыла» атты газеттерде мақалалар басылып шықты.
Бұл бағыттағы жұмыстар 2019 жылыда өз жалғасын табатын болады.
Бүгінгі күнге Тараз қаласы мен аудандарда 35 сыртқы жарнама (баннер, билборд) орналастырылды. Баннер және билбордтар санын арттыру жұмыстары жүргізілуде.
14 қоғамдық сауда орындарында аудиороликтер таратылуда. Тараз қаласы мен аудандардың тұрғындарына 28890 дана ақпараттық-жарнамалық материалдар таратылды. Тараз қаласы мен аудандардың тұрғындарымен және ұжымдармен 480 кездесулер өткізіліп, 101258 адамға жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы «бестік» топтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша кеңес беру кабинеттерінде 38684 адамға кеңес берді. Әлеуметтік желілерде (денсаулық сақтау ұйымдарының ресми сайттарында, облыстық ақпараттық сайт zhambylnews.kz, әлеуметтік желілерде: facebook, VK, instagram) 55 ақпарат орналастырылды. Баспасөз ақпарат құралдарында (Ақжол, Шұғыла, Вестник, Талас тыныс, және т.б. аудандық баспасөз) 15 мақала жарияланды.
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қаладағы санаты анықталмаған азаматтар бойынша үй-үйді аралап, МӘМС жүйесін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биылғы жылдың басынан қала бойынша жалпы 6185 үй араланды.
Қала әкімінің 2019 жылғы халық алдындағы есеп беру кездесуіне жиналған халлыққа МӘМС жүйесі бойынша буклеттер таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Осыған байланысты Жамбыл облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмысын ақпараттық түсіндіруге бағытталған 2019 жылға арналған коммуникациялық жоспар облыс әкімінің орынбасарымен бекітіліп, жауапты мемлекеттік органдарға орындау үшін жолданды және жоспар бойынша орындалған жұмыстың есебі бекітілген нысанға сәйкес ай сайын ұсынылып отырады.
(Коммуникациялық жоспардың көшірмесі).
Сонымен қатар облыс әкімі жанынан құрылған штаб жұмыс атқарады, оған облыс әкімінің орынбасары төрағалық етеді.
Штаб жұмысының іс-шара жоспары бекітіліп, сол бойынша тұрақты түрде жиын өткізіліп, штаб мүшелеріне және тиісті мемлекеттік органдармен кәсіпорындар тарапынан орындалуға тиісті тапсырмалар беріледі және орындалуы қадағаланады.
(2019 жылға арналған штаб жұмысының іс-шара жоспары)
МӘМС бойынша БАҚ және әлеуметтік желілерде сөз сөйлеу үшін спикерлер құрамы бекітіліп, кестеге сәйкес Тараз қаласы мен аудандарға халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.