• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНАН VIII АЗАМАТТЫҚ ФОРУМҒА 27 АДАМ ҚАТЫСТЫ

06.12.2018
0
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНАН VIII АЗАМАТТЫҚ ФОРУМҒА 27 АДАМ ҚАТЫСТЫ
294
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті Исламбек Дастан, «Жамбыл облысының Азаматтық альянс қауымдастығы» ЗТБ президенті Зайтжан Юлдашевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Спикерлер Астанада өткен VIII Азаматтық форумның нәтижелері мен алдағы мақсаттары туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Үкіметтік емес ұйымдар жекелеген санаттағы азаматтардың оңалуына жәрдем беру, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік маңызы бар басқа да жобаларды іске асыру ісімен айналысуда.                                                                                                                                                                              

Үкіметтік емес ұйымдар саны 2003 жылы 5 мың болса, 2018 жылы 22 мыңға дейін жетіп, төрт еседен астам өскен. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемі 65 есе өсіп, қазіргі кезде 20 миллиард теңгеден асып отыр. Нәтижесінде, бүгінде үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, іс жүзінде, қоғамымыздың маңызы бар барлық саласын қамтуда деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев. Үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі адамдар, ерекше мұқтаж балалар мен жастар үшін аса белсенді ортаны қалыптастыруға атсалысуы жақсы үрдіс саналады. Инклюзивті қоғамды дамыту ісі – бұл әлемдік тәжірибе әрі барлық дамыған елдердің азаматтық қоғамы жүзеге асыратын маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі болып табылады.                                                     

Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі жүзеге асырып, «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақалада белгіленген басымдықтар аясында атқарылатын жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Елбасы мұнда көрсетілген бағыттар мен жобаларды іске асыру үдерісіне үкіметтік емес ұйымдарды тарту қажеттігін айтты.

http://www.akorda.kz/kz/events/memleket-basshysy-kazakstannyn-viii-azamattyk-forumyna-katysty#/upload/anounces/b06ab96e1c81b5910d6f56e34f81e2b1.jpg

Ашық қоғамдағы биліктің үшінші сатысындағы билік өкілі – үкіметтік емес ұйымдар болып есептеледі.                                                                                                                                                                                                                                                             Бүгінгі таңда облысымызда 700 астам ұйым тіркелген болса, оның 200-ге жуығы ғана өңірдің тыныс-тіршілігіне араласып азаматтық қоғам институттарының дамуына үлес қосуда. Айта кетерлігі, үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына 2016 жылдың қорытындысы бойынша облысымыздан 216 ұйым уақытылы есеп өткізсе, 31 ұйым кешіктірген. 2017 жылғы есеп бойынша 277 ұйым, уақытынан кешіктіріп – 19 ұйым өткізген.

Тағы бір жаңашылдық — үкіметтік емес ұйымдар арналған сыйлықақы. Сыйлықақы алушылар 15 бағыт (номинация) бойынша байқауға түсті. Байқаудың жеңімпаздары сарапшылар бағалауынан кейін конкурстық комиссияның отырысында қаралды. Әр бағыт бойынша сыйақы мөлшері 2 000 айлық есептік көрсеткішті құрайды. 2017 жылы барлығы 216 өтінім түсіп, оның 15 бағыты бойынша 59 ұйым жеңімпаз атанды. Оның ішінде облысымыздан 11 өтінім беріліп, «Қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту» номинациясы бойынша «Жастар орталығы «ГУОНЛЁН» қоғамдық бірлестігі(басшысы – Рашид Бакиров) жеңімпаз атанған.

Ал, 2018 жылы сыйлықақы алуға 197 ұйым өтінім білдірсе, оның ішінде облысымыздан 8 үміткер құжаттарын тапсырды. 63 ұйым жеңімпаз атанды, оның ішінде Жамбыл облысынан 3 ұйым жеңімпаз атанды. Олар «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау» бағыты бойынша «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігі (төрағасы – Руслан Тулегенов), «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу» бағыты бойынша «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (президенті – Исламбек Дастан), «Ақбұлақ» қоғамдық бірлестігі (төрайымы – Нілзия Рақышева) жеңімпаз атанып, ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қәлетаевтың қолынан диплом алды. Сыйлықақының ерекшелігі бөлінген қаражатты ұйымның жарғылық мақсаттарына жұмсауға болады. «Таным» Республикалық қоғамдық сыйлықтың «Азаматтық қоғамның дамуыа қосқан үлесі үшін» Серікбол Берікқожа иеленсе, бұның алдында жамбылдықтардан «Таным» сыйлығын Оразкүл Тастемірова мен Ғалия Қалиева лауреаты болғанын еске сала кетейік.

Бүгінде үкіметтік емес ұйымдарды бағдарламаларды әзірлеп, іске асыруға, әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізуге кеңінен тарту мемлекеттік органдардың күнделікті тәжірибесіне айналған. Өткен жылдар ішінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығы жүйелі сипатқа ие болып үлгерді.

Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттің тең серіктесі ретінде қаралады, — деп сөзін қорытындылады Исламбек Дастан.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі

Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі

15.05.2025
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай тағылымды кездесу өтті

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай тағылымды кездесу өтті

15.05.2025
ТЖД Алматылықтарға ескерту жасады

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

15.05.2025
13 қаңтар Қазақстанда қаңтардағы ҰБТ басталды

Қазақстанда ҰБТ өтетін күндер өзгерді

15.05.2025
Наурыздағы демалыс күндері?

Маусым айында қанша күн демалыс бар?

15.05.2025
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ  ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВШІСІ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВШІСІ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15.05.2025
Академик, математик, Мұхтарбай Өтелбаев: «Баланы шет елде оқыту мақтаныш емес»

Академик, математик, Мұхтарбай Өтелбаев: «Баланы шет елде оқыту мақтаныш емес»

15.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты