Облыс әкімдігі дін істері басқармасының тапсырысымен құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдерінің дінтанулық сауаттарын арттыруға арналған облыстық семинар болып өтті
Aғымдағы жылдың 28 қыркүйегінде облыс әкімдігі дін істері басқармасының тапсырысымен құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдерінің дінтанулық сауаттарын арттыруға арналған облыстық семинар өтті.
Аталған азаматтардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында, арнайы елімізге танымал лекторлар шақырылды. Атап айтқанда:
— «Нұр-Мүбәрак» Қазақстан-Мысыр Ислам мәдениеті университеті жанындағы «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, теология ғ.д. Мұхан Исахан «Елімізде тыйым салынған діни ұйымдар: «Мұсылман бауырлар», «Таблиғ жамағаты», «Ат-такфир уаль-хиджра», «Ислам мемлекеті (ДАИШ)» тақырыбында;
— «Нұр-Мүбәрак» Қазақстан-Мысыр Ислам мәдениеті университетінің исламтану кафедрасының оқытушысы, теология ғ.д. Паттеев Мұхитдин Исаұлы «Ислам дінінің Қазақстанда таралуының тарихи кезеңдері» тақырыбында;
— Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университеті жанындағы «Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, философия және теология ғ.д., профессор Досай Кенжетай «Зайырлы ел – қайырлы ел» тақырыбында,
— ҚР Қоғамдық даму министрлігінің жанындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтану магистрі Әбуов Тұрар Түгелұлы «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – конфессияаралық келісім» тақырыбында дәрістер оқыды.
Іс-шара барысында, қатысушыларға сыңаржақ діни ағым өкілдерімен жұмыс жасаудың тәсілдері мен ерекшеліктері туралы кеңінен түсіндіріліп, жастар мен жасөспірімдер аудиторияларында өткізілетін іс-шаралардың санына емес, сапасына назар аудару қажеттілігі айтылды
Жиын соңында семинар қатысушыларына қызмет барысында пайдалану үшін арнайы кітапшалар үлестірілді.