• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.11.2026, 21:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫСТЫҢ АГРОӨНЕКӘСІБІН ДАМЫТУҒА 18,5 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

turan_admin turan_admin
08.09.2018, 14:47
Облыс жаңалықтары
ОБЛЫСТЫҢ АГРОӨНЕКӘСІБІН ДАМЫТУҒА  18,5 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
208
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Берік Нығмашевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз мәслихаты барысында басқарма басшысы ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Спикердің айтуынша, биылғы жылы облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға барлығы– 18,5 млрд. теңге (республикалық бюджеттен – 7,9 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 10,6 млрд. теңге) бөлінген.
Бүгінгі күні ағымдағы жылдың 8 айына жоспарланған 11,5 млрд. теңгенің (республикалық бюджеттен бөлінген – 6,4 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен бөлінген – 5,1 млрд. теңге), 11,4 млрд. теңгесі (99,9%) игерілді.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі – 11 687,1 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 133,3 пайызды құрады. Сол сияқты тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 3 296,6 млн. теңге инвестиция салынып, 89,2 пайызды құрады. Жыл басынан бері салада – 74 479,0 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты индекс көлемі – 103,8% құрады. Оның ішінде егін шаруашылығында – 13 242,8 млн. теңгенің (НКИ — 106,1%), мал шаруашылығында – 61 073,2 млн теңгенің (НКИ — 103,4%) өнімі өндірілді.
Сонымен қатар, ет өндірісі – 4,0%-ға, сүт өндірісі – 3,0%-ға жұмыртқа өндірісі – 1,3%-ға артты.
Ағымдағы жылдың 7 айында облыстағы МІҚ малы – 10,2%-ға, қой мен ешкі саны – 3,3%-ға, жылқы – 6,5%-ға, түйе саны – 4,6%-ға, құс саны – 4,4%-ға өсіп отыр. Бұдан бөлек, бүгінгі күні 1635 тонна ет экспортталса, оның ішінде 515,5 тонна сиыр еті экспортталып, жоспар 51,5 пайызға, 1000,8 тонна қой еті экспортқа шығарылып, жоспар 66,7 пайызға орындалды.
Көктемгі дала жұмыстарына келсек, қазіргі уақытта дала жұмыстары толық аяқталуға жақын.
Үстіміздегі жылы Жамбыл облысы әкімдігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының 2017-2021 жылдар аралығындағы егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру туралы Меморандумға сәйкес, ауыл шаруашылығы дақылдарын 602,7 мың гектарға орналастыру жоспарланған болатын.
Бүгінгі күні 2018 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдары 668,5 мың гектарға орналастырылды немесе өткен жылмен салыстырғанда 38,3 мың гектарға (6,1%) артты. 4-А/Ш мәліметі бойынша дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 300,7 мың гектарға, майлы дақылдар – 91,5 мың гектарға, қант қызылшасы – 8,4 мың гектарға, картоп — 9,7 мың гектарға, көкөніс — 31,9 мың гектарға, бақша — 11,6 мың гектарға және мал азығы дақылдары – 214,6 мың гектарға орналастырылды.
Қант қызылшасына келсек, ауыл шаруашылығы министрлігімен жасалған Меморандумға сәйкес, биылғы жылы 6 500 гектарға отырғызу жоспарланған. 4-А/Ш есебі бойынша қант қызылшасы дақылы нақты 8 416,5 гектарға орналастырылып, белгіленген жоспардан 1 916,5 гектарға артты немесе 129 пайызға орындалды.
Минералды тыңайтқыштарға тоқталсақ, биылғы жылы егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен 800,0 млн. теңге қарастырылып 18,2 мың тонна субсидияланған минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы 116,0 мың алқаптарына ендіру жоспарланған.
Бүгінгі күні тыңайтқыш өндіруші және жеткізуші субъектілермен 20,5 мың тоннаға келісім шарт жасалып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан 18,6 мың тонна тыңайтқыш алынды.
Ағымдағы жылы егін ору науқан жұмыстарына 782 бірлік астық ору комбайн және 102-механикаландырылған қырман, 179 жүк таразылары, 2840 бірлігі жүк авткөліктері тағы да басқа техникалар жұмылдырылған.
Бүгінгі күні облысқа күзгі дала жұмыстарына 16200 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген.
Мәселен айтар болсақ, шілде айына 5200 тонна бөлініп, 4935 тоннасы облысқа жеткізіліп, шаруашылықтарға 4593 тоннасы таратылған. Ал тамыз айына 4000 тонна бөлініп, 2856 тоннасы облысқа жеткізіліп, 1880 тоннасы нарықтағы бағасы 187-191 теңге болса ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 164-166 теңгеден таратылған. Қыркүйек айына 4000 тонна, қазан айына 3000 тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп отыр.
Ұзақ мерзімді етті мал шаруашылығын дамыту салалық бағдарламасының аудандар кесіміндегі индикативті көрсеткіштері бекітілді.
Үстіміздегі жылы шет елден 1850 бас МІҚ малының аналық басын, 30 мың бас қой сатып алу жоспарланған, — деп Берік Болатұлы баяндамасын қорытындылады.

Тегтер: агроөнеркәсіпауыл шаруашылық басқармасыЖамбыл облысыөнеркәсіп
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22
«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15
Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52
Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

11.11.2026, 12:46
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыл инфрақұрылымы, кәсіпкерлік және цифрлық даму: «Әділет» кандидаттары Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесті

11.11.2026, 19:44

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.