Тараз қаласындағы №40 мектеп — гимназиясының ширек ғасыр басқарған А.Гибнердің жұмыстан алып тастады деген ақпарат тараған болатын. Осы туралы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Мубарак Жинақбаева өзінің фэйсбук парақшасында төмендегі мәлімдеме жасады: — «Бүгінде №40 гимназия директорымен болған жағдайға байланысты әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат таралуда. А.А. Гибнер 1 қыркүйектен бастап өз еркімен жұмыстан босату туралы 22 тамызда өтініш жазған болатын. Бірақ Тараз қалалық білім бөлімі ҚР Еңбек кодексінің 56 бабының 1 тармағына сәйкес аталған өтінішке қол қойған жоқ. 28 тамыздан бастап ол кезекті еңбек демалысында. Ал 25 тамызда ол пікірге келісім беру туралы өтініш жазды» — делінген. Тараздың танымал блогері Жанна Мамашеваның видеосынан белгілі болғаны Александр Гибнер өз қызметінен кетуіне толықтай шешім шығарған және ол шешімінен айнымайтындығын жеткізді. Енді Александр Абрамовичті сый — құрметпен шығарып салатын деген үміттеміз.
TURANINFO.KZ