Шри-Ланка Республикасында шахматтан өткен Азия чемпионатында Төле би атындағы №8 гимназиясының оқушысы күміс медаль иеленді.
Төле би атындағы №8 гимназиясының 6 сынып оқушысы Тоғызбай Әлім Шри-Ланка Республикасында шахматтан өткен Азия чемпионатында жүлделі 2 орын алып, күміс медальға қол жеткізді. Әлім шахматтан бұған дейінде республикалық, халықаралық турнирлер мен чемпионаттарда топ жарып, еліміздің атын шығарып жүрген, болашағынан зор үміт күтетін спортшы.