Инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Protecting Business and Investments» атты форум өтті
Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму, сондай-ақ сыртқы істер министрліктері арасындағы өзара ынтымақтастық шеңберінде «Protecting Business and Investments» атты инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылдың 3 тамызында облыс әкімі орынбасарының қатысуымен инвесторлардың сыбайлас жемққорлыққа қарсы форумы өтіп, оның жұмысына орталық органдардың, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары, жергілікті, сондай-ақ шетелдік деңгейдегі кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысты.
Форумның мақсаты – өзара ынтымактастық туралы меморандумға қол қою, сонымен қатар аймақ экономикасына инвестиция құю процесін жеңілдету шараларын әзірлеу, бюрократиялық кедергілер мен сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Мақсұт Нәлібаев пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның облыстық департаментінің басшысы Мұрат Қарымсақов өз алғысөздерінде төмендегіні жеткізді:
«Бұл жобаның негізі қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырып, бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыру болып табылады. Жоба Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-отырысында айтылған Елбасы тапсырмасының шеңберінде жүзеге асырылуда және инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған».
Сонымен бірге, Облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық форумы мемлекет пен бизнес ортасының шенеуніктер тарапынан орын алуы ықтимал сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғаудағы күш-жігерін біріктіретінін атап өтті.
Ал, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Жамбыл облысы бойынша аймақтық өкілдігінің директоры Рамазан Ибраимов пен Жамбыл облысы әкімдігінің Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығының басшысы Дамир Егізбаев инвестиция тарту жұмыстары, аймақта жүзеге асырылып жатқан шетелдік және отандық инвестициялық жобалар жөнінде баяндама жасады.
Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкері Ансар Исмагулов баяндама жасап, аталған жобаның тұжырымдамасы мен мақсатын таныстыра келе:
«Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысындағы сүйемелдеу мен барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою кәсіпкерлер мен инвесторлардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қоюы аясында жүргізілетін болады. Мұндағы жалғыз шарт олардың бизнесті адал жүргізіп, жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілікке келісуі болмақ. Қазіргі таңда Департамент жалпы сомасы 360 млн. АҚШ доллары болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімдерге қол қойды» дегенді хабарлады.
Форум соңында Агенттік пен Ұлттық бюроның аумақтық департаменттері, Жамбыл облысының әкімдігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Жамбыл облысы бойынша аймақтық өкілдігі арасындағы өзара іс-қимыл туралы төртжақты меморандумға қол қою рәсімі өткізілді.