Жамбыл облысы Шу ауданының Жаңа жол ауылының тұрғыны Халаяпова Ифрат — Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда аянбай еңбек етіп, жеңісті жақындатуға барынша үлес қосқандардың бірі. Ел басына күн туған шақта ерлерше еңбек майданында тер төккен қария 8 баланы туып, оның 6-ын өсіріп-тәрбиелеп, олардан 13 немере көріп отыр. Соғыс біткеннен кейін де экономиканы қалпына келтіру барысында ауыл-ауылда звенолар құрылып, қызылша егу басталған уақытта да бұл іске бел шеше кіріскен Ифрат апа тәтті түбірді егу, баптау жұмыстарында алдына жан салмаған. Бұл туралы өзі: «Ол кездегі қиыншылықты ешкімнің басына салмасын»,-деп қояды.
Денсаулығы мықты қария ешқашан ауылдық емханаға сырқаты жөнінде шағымданбапты. Созылмалы немесе басқа да аурулар бойынша диспансерлік есепте де жоқ. Бүкіл ғұмырын еңбекке арнаған жан үнемі қимыл-қозғалыста болып, салауатты өмір салтын ұстанғанының арқасында әлі де өзін тың сезінетінін айтады. «Мен коронавирусқа қарсы вакцина салғызып, аудан сақтануға бел будым, сондай-ақ өзгелерге де зиянымды тигізбеу үшін де вакцина салғыздым», — дейді ол.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі