• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

8000-ҒА ЖУЫҚ КҮДІКТІ ДІНИ БАҒЫТТАҒЫ СІЛТЕМЕ АНЫҚТАЛЫП, ОНЫҢ 4490-Ы БҰҒАТТАЛДЫ

06.08.2021
0
ОБЛЫСТА ДІН САЛАСЫНДАҒЫ 1 ОБЛЫСТЫҚ, 7 ҚАЛАЛЫҚ, 10 АУДАНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОПТАРЫ ЖҰМЫС АТҚАРУДА
128
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының тарапынан тұрғындардың дінтану және құқықтық сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама бекітілгелі бері:

— 2018 жылдан бері өңірдегі діни топтар мен жамағаттар арасында радикалды діни идеологиялардың алдын алу бағытында 1000-нан астам іс-шара өткізілді. Оның ішінде, 2021 жылы діни топтар мен жамағаттар арасында 202 іс-шара өтіп, оған 10 мыңға жуық адам қамтылды;

— Соңғы 4 жылда жастар мен жасөспірімдер арасында діннің өзекті тақырыптарын түсіндіру бойынша 1287 іс-шара өтіп, 73 мыңнан астам жас ақпаратандыру шараларымен қамтылды. Оның арасында биылға, жастар мен жасөспірімдер арасында 209 іс-шара өтіп, 7 мыңға жуық жас ақпаратандыру шараларымен қамтылды;

— 2018 жылдан бері діни экстремизмге қарсы 111 бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желілерге таратылды. Дін проблемаларын зерттеу орталығының жанынан арнайы «Студия» әзірленіп, студия арқылы облыс тұрғындарының діни сауаттылық деңгейін көтеру мақсатында «Әулие-Ата» діни танымдық бағдарламасы ашылып, 14 шығарылымы түсірілді;

— Соңғы 4 жылда интернет желілерінде 8000-ға жуық күдікті діни бағыттағы сілтеме анықталып, оның 4490-ы бұғатталды. Интернет желілерінде 18 мыңнан астам қарсы насихат жұмыстары жүргізілді;

— Теріс діни бағыттағы ағымдардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында республикалық «Ақниет» орталығының 2 штаттан тұратын облыстағы филиалы ашылып, Дін проблемаларын зерттеу орталығынан 6 штаттан тұратын (1 бөлім басшысы, 3 инспектор, 2 психолог) «Оңалту бөлімі» жасақталды;

— Діни ахуал шиеленістерінің ықтимал тәуекелдерінің деңгейі басым өңір болып табылатын Қордай және Шу аудандарында дін саласындағы жұмыстарды күшейту мақсатында Дін проблемаларын зерттеу орталығының арнайы бөлімдері ашылды;

— 2018 жылдан бері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ақпараттандыру жұмысымен сотталушылар толығымен қамтылды.

Бұдан бөлек, ҚМДБ-ның облыстағы өкілдігімен бірлесе рухани құндылықтар мен қоғамдық қатынастарды нығайту бағытында өткен жылдан бері бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды. Оның шінде:

— Мешіт имамдарымен «Жеті Рухани қазық» тұғырнамасы барлық аудандар мен Тараз қаласы тұрғындары арасында насихатталып, 679 мыңнан астам тұрғын қамтылды;

— Мешіт имамдарының уағыз-насихат жүргізу бағдарламасына ұлттық салт-санаға негізделген тәрбиелік және патриоттық бағыттағы тақырыптар, Абай мен Шәкәрім сияқты ұлт тұлғаларының ой-толғаулары енгізілді. Бүгінде мешіт имамдары тарапынан осы бағытта насихат жұмыстары атқарылуда;

— ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен дін саласындағы мамандардың кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында өткен оқыту курстарына облыстағы 46 мешіт имамы қатыстырылып, біліктіліктері арттырылды;

— 2021 жылдың 3 маусым күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Тараз өңірінде болған «Атлах» шайқасына 1270 жыл толуына орай «Қазақ даласына исламның келуі» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға Орта Азия мен еліміздегі ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және дін басылары қатысып, дәрістер оқыды;

— Ұлттық салт-дәстүрдің түрлі мәселелері бойынша қыз-келіншектерге имандылық төңірегінде бағыт-бағдар беру мақсатында облыстық, қала және аудандық мешіттер жанынан «Әжелер алқасы» құрылып (құрамында 109 адам), өз қызметін бастады;

— Қордай ауданында ұлтаралық татулық пен бірлікті нығайту, діни алауыздықты болдыртпау және жат ағымдарға қарсы жұмыс жасау мақсатында Сортөбе ауылынан «Имамдар үйі» ашылып, қызметін бір жолға қойды.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: ақпараттандыруДіни бірлестікжиналыс
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

20.05.2025
Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

20.05.2025
Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

20.05.2025
Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

20.05.2025
Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

20.05.2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

20.05.2025
Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

20.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты