• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

6,6 млн-ға жуық жұмыс істейтін қазақстандық міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысады

29.07.2022
0
6,6 млн-ға жуық жұмыс істейтін қазақстандық міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысады
157
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне шамамен 6,6 млн жұмыс істейтін азамат қатысады және 1,1 млн астам адам жыл бойы әлеуметтік төлемдер алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) бас директоры Нұрсұлу Кемел хабарлады.

Қазақстандықтар үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің артықшылықтары туралы айта отырып, спикер 2005 жылдан бастап әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілгенін атап өтті. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс берушілердің жұмыскерлер үшін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың өздері үшін төлейтін әлеуметтік аударымдары есебінен қалыптасады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру ынтымақтастық қағидаттарына негізделген, өйткені әлеуметтік аударымдар барлық жұмыс істейтін азаматтар үшін төленеді, ал төлемдерді еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілігі мен босануына, сондай-ақ 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайларына әлеуметтік тәуекелі бар адамдар ғана ала алады.

«Жұмыс істейтін азаматтардың артықшылығы – олар Қордан төленетін төлемдер түрінде әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда қосымша әлеуметтік қолдау алуға құқылы. Мысалы, қордан еңбекке қабілеттілігінен айырылу немесе асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер мүгедектік немесе асыраушысынан айырылу бойынша бюджеттен осыған ұқсас мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады», – деді Нұрсұлу Кемел.

Ол сондай-ақ, еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша төлем медициналық-әлеуметтік сараптаманың жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін 30% — дан 100% — ға дейін белгілеген жағдайда жүзеге асырылады және еңбек қызметінің жалғасуына қарамастан жүргізіледі. 2021 жылы аталған төлемді шамамен 94,7 мың адам алды.

Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем асырауындағы адам 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу бөлімінде оқыған жағдайда 23 жасқа дейін төленеді. 2021 жылы асыраушысынан айырылған 57,7 мыңға жуық отбасы аталған төлемді алды.

Сонымен қатар, сатып алу қабілетін қамтамасыз ету үшін еңбек ету қабілетінен айырылуы және асыраушысынан айырылуы бойынша төлемдердің мөлшері жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2022 жылы осы төлемдердің мөлшері өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 9% — ға ұлғайды (1 қаңтардан – 5% — ға, 1 сәуірден – 4% — ға).

Жұмысынан айырылған жағдайда Қордан төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан тағайындалады. Төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. 2021 жылы шамамен 105,7 мың адам аталған төлемді алды.

Жұмыс істейтін әйелдердің мүдделерін қорғау мақсатында 2008 жылдан бастап ана мен баланы әлеуметтік сақтандыру енгізілді. Мәселен, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. 2021 жылы жүктілік және босану бойынша 205 мыңға жуық адамға төлем тағайындалды.

1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Қордан ай сайынғы әлеуметтік төлем баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40% — ын құрайды. Екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады. 2021 жылы бұл төлем шамамен 385 мың адамға тағайындалды.

«Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үдерістерін сәтті автоматтандыру бүгінде «бір терезе» қағидаты бойынша композиттік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Осылайша, еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бойынша төлем алу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама арқылы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін алғаш белгілеген кезде жүгінуге болады, жұмысынан айырылуы бойынша төлем алу үшін egov.kz порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелген кезде немесе халықты жұмыспен қамту орталығы немесе enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы жүгінуге болады, жүктілікке және босануға төлем үшін egov.kz порталы арқылы, 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлем үшін egov.kz порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүгінуге болады», – деп атап өтті Нұрсұлу Кемел.

Оның айтуынша, Қордан әлеуметтік төлемдерді алуға қызмет көрсетудің проактивті форматы белсенді түрде енгізілуде, ол үшін азаматқа смс-хабарламаға жауап беру жеткілікті.

Ақпараттық жүйелерде алушы туралы мәліметтер болған жағдайда, ол төлемдерді алу үшін үйден шықпай және қағаз тасығыштағы құжаттарды растаусыз онлайн режимде жүгіне алады. Осылайша, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қор көрсеткен электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі 47% — ды құрады.

«Міндетті әлеуметтік сақтандырудағы маңызды фактор ресми жұмыспен қамту немесе қызметті тіркеу болып табылады, өйткені төлемдер мөлшері Қорға әлеуметтік аударымдар түскен табыстарға тікелей байланысты. Осыған байланысты, төлемді алу үшін жүгінудің алдында egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, ХҚКО немесе Қор филиалы арқылы Қорға әлеуметтік аударымдардың дұрыс және уақтылы түсуін тексеруді ұсынамыз», – деп түйіндеді Нұрсұлу Кемел.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
Аида Балаева

Балаева #Анағақұрмет пост жазу эстафетасын бастады

10.05.2025
Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

10.05.2025
Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

10.05.2025
Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

10.05.2025
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты