2017 жылдың 4 ақпанында Мойынқұм ауданы Хантау ауылдық округінің әкімі М. Абдикаримовке қатысты билікті теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында, ауылдық округінің әкімі 2015-2016 жылдары өзіне және әкімдігінің қызметкерлеріне жоғары жалақыны және іс-сапар шығындарын 500 000 теңге мөлшерінде ақша аударғаны анықталды.
2017 жылдың 11 мамырында М. Абдикаримов Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189 бабының 2 бөлімінің 3 тармағымен кінәлі деп танылып, оған қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен, лауазымды мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырып, 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.