Еріктілердің қоғамда алатын орны ерекше. Олар қызметтері үшін еш ақы талап етпестен қоғамның түрлі салаларының дамуына үлкен үлес қосып келеді. 2020 жыл “Волонтерлар жылы” болып аталған болатын. Мемлекет басшысының бұйрығымен еріктілердің нормативті-заңнамалық базасы жасақталып, құқықтары толықтай қорғалатын заң қабылданғаны белгілі. Қазіргі уақытта волонтер болуға жастардың қызығушылығы өте жоғары. Жас кезінен ерікті болып қызмет етіп, уақыт өте келе үлкен дәрежелерге көтерілген жастар аз емес. Сол жастардың бірі, жастайынан ерікті ретінде қоғамға пайдасын тигізіп, белсенді болып көзге түсіп, қазіргі таңда Жамбыл облыстық Волонтерлік фронт-кеңсе жетекшісі және Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурсық орталығы» КММ директорының орынбасары Арайлым Әбдуалиева. Волонтерлік фронт-кеңсе жетекшісінен Түркі мемлекеттері ұйымының волонтерлік бағыты бойынша оқытудан өтуге Түркия еліне барып келген сапары бойынша шағын сұхбат алып, ой-пікірін білген болатынбыз.
-Арайлым Әділбекқызы, Түркия еріктілерінің ерекшеліктері неде?
— Түркия волонтерлік қызметі, Түркия жастар және спорт министірлігіне қарайды. Бірақ ол жақта мысалыға Қазақстанда басқа мемлекеттерде волонтер деген орысша-қазақша аударғанда бір мағына беретін волонтер деген сөзді қолданыста пайдаланса, Түрік мемлекеті “жүректен шыққан, көңілден шыққан, жүректін қалауы” деген мағынада “Gönüllü” деп атқойған. Сол жерде “Gönüllüz” деген сияқты сөздерді қолданады.
Сонымен қатар, бұл жақта бізге ұқсас “Қызыл-Ай” волонтерлік қозғалысы жұмыс жасайды екен, соның жұмысымен, ерекшеліктерімен таныстық. Одан кейін “AFAD” деген волонтерлік ұйымның жұмыс барысымен таныстырды. Бізде жоқ ұйымдардың бірі “Жасыл -Ай”. Қызыл-Ай енді бұл халықаралық ұйым болғанықтан олардың жұмыстары ұқсас. Бірақ Түрік мемлекетінің жұмысының бір ерекшелігі, Қызыл- Ай волонтерлік ұйымының жеке өз кенселерінде көбінесе шет мемлекеттерден келген үйсіз жүргендер, құқықтары қорғалмай жүрген отбасыларға көмек көрсету, оларды қоғамға бейімдеу. Мысалы, шет мемлекеттен келіп үй іздеп, далада қонып жүрген адамдарды жеке өздерінің жеке офистері бар, сол жерде білімін жетілдіруге, киім тігуге, қуыршақтар жасауға, ойыншықтар тігіп өздерінің қолдарынан келетін жұмыстарды үйретіп, кейін жұмыс табуға жәрдемдеседі. Бір ерекшелігі сол. Олардың құқықтарын қорғаумен айналысады.
Одан кейін тағы бір ерекшелігі волонтерлік ұйымдарда, бір ұйымда әйелдер және ерлер болып бөлінеді екен.Әйелдердің көбісі жұмысы волонтерлік қызметке көмегі тиетіні тамақ істеп беру. Сондай жүйемен волонтерлерінің саны Түркияда өте көп екен. Негізі біз осы жақында ғана Орталық Азия волонтерлер форумына барып келдік қой. Қазақстанның ұйымдастыруымен. Сол жерде ОАМ төрағалары келді, статистиканы көрсеткен кезде, бүкіл әлем бойынша волонтерлік қызметпен айналысатын әйелдердің саны ер азаматтарға қарағанда шынымен қарағанда жоғары екен. Ол біздің Қазақстанда да сондай статистика болып тұр. Волонтерлік қызметке әйел азаматтарының көңіл бөлуі өте үлкен. Енді біз ол жерде бірінші форумның басты басталған кезде 5 минуттық таныстырылым болды. Әр мемлекеттен келген азаматтар өздерін таныстырды.
Мысалы, Қазақстаннан барған біздің төрағамыз Қазақстан туралы таныстырды. Өзбекстан келген лидер өз елі туралы таныстырды. Ол жерде Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан,Әзірбайжан және Кипрдан болды. Осы мемлекетерден келген төрағалар болды. Ерікті дегеніміз кім, волонтер дегеніміз кім, волонтер болудың ортаға деген әсері қандай деген тақырыптар айтылды. Қызыл-Ай ұйымының инструкторы келді Гүлхан деген. Сол бізге презентация жүргізді. Одан кейін барып Түркия мемлекетіндегі волонтерстваның және бүкіл әлемдегі волонтерстваның қал-ахуалы жайында министірлік өкілдері таныстырды.“AFAD” деген ұйым болды. Соның жұмысын таныстырды. Еріктілердің этикасы,әлемдік волонтерства. Одан кейін әлеуметтік кәсіпкерлік бағыттар бойынша бізге сабақтар өтті. Одан бөлек ол жақта қошаған ортаны қорғау, климатты өзгертуге байланысты басқарма бар екен. Сол басқарма өздерінің жасап шығарған проектерімен таныстырды. Қоқыстарды сұрыптап тастау бойынша. Ол Қазақстанда да бар, ол айтарлықтай ерекшелік жоқ деп ойлаймын.
-Арайлым, ол жақта қандай бағытқа қатты мән береді?
-Қандай бағытқа мән береді дегенде. Бұл жақ әлеуметтік жағдайға мән береді екен. Біз өзіміз Қазақстанда 9 бағытпен жұмыс жасап жатсақ. Бұл жақта әлеуметтік осал топтағы адамдарға жәрдем беру, апатты жағдайларға түскен отбасыларға көмек көрсету көпнесе әлеуметтік бағытқа көңіл бөлінеді.Қазақстан мен салыстырғанда дәреже тендей.
-Түркия халқының волонтерлерге деген көзқарасы қандай?
-Түркия халқының волонтерлерге деген көзқарасы өте жақсы. Еріктілер волонтер ретінде мекемеде волонтерлік қызмет атқарады. Бірақ оларға өте жақсы жағдай жасалған. Ресурс бар олардын қолдарында. Біз енді жастар ресурстық орталығында қаншалықты деңгейде ресурс бар, соны волонтерлерге беруге тырысамыз ғой. Сол сияқты оларда жастар орталығы волонтерларға барлық жағдайды жасап отыр. Жастар орталықтарында коворкинг, арнайы студиялары бар екен. Ән жазуға, бишілерді қолдауға би кабинеттері, АКТ залдары бар волонтерлер күнделікті пайдалана алады. Біз өзіміз волонтерлық организациялар презентация жасадық форумның төртінші күні. Өзіміздің волонтерлік қызметтерімізбен тәжірбие алмастық. Бір-бірімізге өзіміздің үздік деген жобаларымызды таныстырдық.
Басқа мемлекеттер өздерінің жобаларын таныстырды. Негізі былай айтқан кезде Түрік мемлекеттерінің волонтерлік қызметтері бір-біріне ұқсас келеді екен. Айтарлықтай көзге көрінетін ерекшеліктер жоқ. Бәрі енді дамып келе жатыр қызметтері. Сонымен қатар, ең ескі Стамбул университетіне барып лекция оқыды бізге. Ол бұрын әскери база болған екен, әскерилер тұратын. Қазіргі таңда Түркия еліндегі ең алғашқы ашылған университеттердің бірі екен. Сол жердің профессор, доктор Мұрат Шейтүрік деген кісі волонтерства ол біздін қанымызда бар, біз тарихты білген жағдайда ғана волонтер бола аламыз, волонтерларды осы қоғамға деген қарым-қатынасы, оған өзінің әсері туралы. Одан кейін волонтердің экономикалық бағасы туралы лекция оқып түсіндірді. Ол кісі мықты профессор адам екен. Біз Түрік мемлекеттері тіліміз ұқсайды, ата-бабаларымыз бір біздің деп ұлтжандылық сезімді оятатындай лекция оқыды бізге. Волонтерстванығ нашақорлық пен күресуі бойынша, белгілі өздерінің организациялары бар екен. Ол жерде Ариф деген кісі өзінің жұмыстарын таныстырды. Бірінші бізге таныстыру жұмыстары жүргізілсе кейін практикалық жұмыстар жүргізді. Басты бағыттары волонтерларды оқытуға, ен бірінші келгенде волонтерлыққа оқыту бар. Волонтерларға арналған лагерлары бар екен ұйымдастыратын. Көбіне осындай тимбилдинг лагерлар жақсы ұйымдастырылады екен ол жақта. Осы жұмыстар практикалық түрде өтті бізге танысып, бөлінетін ерекшелітері туралы көріп қайттық.
Әңгіменізге көп рахмет!
Сұхбат алушы Жатқанбай Әділет