• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қаржылық алаяқтардан сақ болыңыз

29.07.2022
0
Қаржылық алаяқтардан сақ болыңыз
298
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Цифрлық технологиялардың дамуымен бірге алаяқтар да қалыспай, алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда, оған аға буын өкілдерімен қатар қаржы өнімдері жөнінде хабардарлығы әлі де болса жеткіліксіз жастар бой алдырып жатады.

Алаяқтар телефон нөмірлерін ауыстыру, вишинг, фишинг және басқа да көптеген амалдарды белсенді қолдануда. Сондықтан сіздің туыстарыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздіктің негізгі ережелерін білуі өте маңызды. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Fingramota.kz жобасы алаяқтықтың негізгі әдістері және одан қорғану тәсілдері туралы айтып береді.

«Қауіпсіз» шот

Алаяқтар зейнеткерлерге телефон соғып, өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстырып, олардың карточкаларынан бейтаныс біреулердің ақшаны шешіп алуға әрекет жасағандары жөнінде айтады. Ол үшін клиент өз қаражатын дереу қауіпсіз шотқа ауыстыруы қажет деп, ізінше клиенттің интернет немесе мобильді банкингті қолдана алу, алмауын нақтылайды, өзінің зейнетақылық ақшасын немесе шәкіртақысын қашықтан қалайша аудару болатыны жөнінде нұсқау береді, телефонына қосымшаны жүктеуді ұсынады немесе ақшаны дереу банкомат арқылы аударуға кеңес береді.

Кеңес

Телефон алаяқтары қарт адамдардың сеніміне кіру үшін барлық айла-шарғыларды қолданады. Мұндай жағдайда ең бірінші – мұндай әңгімені тоқтатып,  сізге қызмет көрсететін банкке телефон соғу қажет. Банктің байланыс нөмірі карточканың артқы бетінде жазылып тұрады.

Ешқашан қоңырау шалушылардың қандай да бір нұсқауларын орындамаңыз: ақша аудармаңыз, күмәнді қосымшалар орнатпаңыз және қаржы ұйымдарының жалған қызметкерлерінің талаптары бойынша SMS-хабарламалардан сілтемелер бойынша өтпеңіз.

Өзіңіздің дербес деректеріңізді, карточканың деректемелерін ешкімге хабарламаңыз: CVC/CVV-код (картаның сыртқы жағында көрсетілген үш таңбалы код), растау кодтары, ПИН-кодтар. Есіңізде болсын, банк қызметкерлері, банктердің колл-орталықтарының операторлары бұл ақпаратты ешқашан телефон арқылы сұрамайды.

Жалған кредит ресімдеу

Сізге банктің атынан хабарласып тұрмыз деп қоңырау шалып,  N сомаға кредит ресімдеуге өтінім берген- бермегеніңізді нақтылайды. Егер сіз шын мәнінде өтінім бермеген болсаңыз, онда алаяқтардың сіздің атыңыздан кредит алмақ ойлары бар. Алаяқтар алдыңғы схемамен жұмыс істейді: сізге шұғыл шаралар қабылдау және олардың нұсқауларын орындау қажеттігін айтады. Бұл үшін олар сізге ұялы телефоныңызға орнататын және деректеріңіз қорғалатын қосымшаға сілтеме жібереді. Бағдарламаны жүктегеннен кейін сіздің телефоныңызға SMS-хабарлама немесе электрондық пошта арқылы хабарлама келеді, содан кейін банктің жалған қызметкері кодты атауды сұрайды және өкінішке орай, кредитті беріп үлгергенін, бірақ алаяқтар ақшаға қол жеткізе алмағанын хабарлайды. Содан кейін  алаяқ өзі айтқан басқа шотқа осы ақшаны аудару арқылы ақшаның өзіңізде қалатындығына сендіреді.

Кеңес

Кредит «ресімделді» деген банктің филиалына қоңырау шалыңыз немесе барыңыз және жағдайды шешу үшін мүмкіндігінше жедел түрде ресми өтініш жазыңыз. Өтініштің кіріс нөмірі бар көшірмесін міндетті түрде алыңыз.

Сізге қоңырау шалынған нөмірді банктің қауіпсіздік қызметіне хабарлауды, сондай-ақ құқық қорғау органдарына өтініш жазуды қоса ұсынамыз.

«Фейк» аударма

Сізге банк картаңызға белгілі бір ақша сомасының аударылғаны туралы SMS келді. Ізінше олар сізге белгісіз нөмірден қоңырау шалып, ақшаның қате аударылғанын айтып, сізден кері аударуды сұрайды. Алаяқтар сіздің көңіліңізді «босатып», өздері туралы көптеген мәліметтерді, яғни бұл олардың соңғы ақшасы екендігін, олар жұмысынан айрылғандықтары, қаражат емделуге қажет екендігі сияқты бір сарынды ақпарат. Бұл сізді алдарқатуға тырысатын белгі. Кейде қоңырау шалушылар сізге «мазалағандары үшін» бонус деп қаражаттың аз бөлігін өзіңізге қалдыруды ұсынады.

Кеңес

Мүмкін алаяқтар сауда алаңында тауарды сатқаны үшін ақы алу үшін сіздің шотыңызды көрсетуі мүмкін. Егер сіз оларға сеніп, аударым жасасаңыз, онда сіз ақшасыз ғана емес, сонымен қатар өзіңізге қосымша қиындықтар туғызасыз. Өйткені, әлеуетті сатып алушы тауарды алмай, құқық қорғау органдарына жүгінуі мүмкін. Сіз ақша алушы ретінде алғашқы күдікті боласыз.

Сондықтан, егер белгісіз біреулер Сіздің шотыңызға белгілі бір соманы аударса, онда ешқандай жағдайда оны қайта аудармаңыз және шешіп алмаңыз. Өз банкіңізге хабарласыңыз, онда Сізге осы қате аударыммен не істеуге болатынын түсіндіреді.

Құқық қорғау органдарынан түсетін «қоңыраулар» 

Алаяқтар өздерін құқық қорғау қызметкерлері ретінде таныстырып, Сіздің танысыңыз, досыңыз немесе туысыңыздың келеңсіз жағдайға тап болғанын хабарлауы мүмкін. Мысалы, адамды қағып кеткені, ауруханада жатқаны немесе терактіге қатысқаны. Кез келген жағдайда қылмыс қорқынышты, ал салдары қайтымсыз көрінуі керек. Мәселені қандай да бір сома шеше алады. Бір жағынан, айтқандары айтарлықтай әсер қалдырды, екінші жағынан – сұрап отырған сома тез төлей алмайтындай көп те емес. Негізінен, мұндай алдаудың құрбандары – жақын адамыңызға көмектесу үшін соңғы ақшасын беруге дайын қарт адамдар. Қосымша стресс факторы, әдетте, абоненттің қоңырауларға қол жетімсіздігі болып табылады – алаяқтар мұны да біліп алады.

Кеңес

Ең дұрысы, мұндай сәтте сұрақ қоя бастау. Күдікті қай полиция бөлімшесінде? Ол қандай баппен айыпталып отыр? Әрекет қашан орын алған? Адвокаттың көмегі ұсынылды ма, адвокаттың аты-жөні кім? Сонымен қатар, ҚР ІІМ жедел желісіне және аудандық полиция бөлімшесіне қоңырау шалу керек. Ешбір  жағдайда үрейге бой алдырмаңыз, бейтаныс адамдарға ақша беріп, шотына ақша аудармаңыз.

Қарт адамдарды алаяқтардан қалай қорғауға болады?

  • Қарт адамдарға бейтаныс адамдарға сөзсіз сенудің қажеті жоқ екенін түсіндіріңіз, тіпті олар өздерін банк, құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып таныстырса да;
  • Егер қоңырау шалушылар сізге аты — жөніңіз бойынша жүгінсе және сіздің мекенжайыңызды білсе, бұл адамдар ресми адамдар дегенді білдірмейді. Бұл деректерді көптеген жолдармен алуға болады, олар тіпті интернетте жалпыға қол жетімді;
  • Қызметкердің аты-жөні мен лауазымын  міндетті түрде сұраңыз және олар өкілі болып қоңырау шалып отырған ұйымның  жедел желісіне немесе колл-орталығына қоңырау шалу арқылы қайта тексеріңіз;
  • Егер жақын адам бейтаныс нөмірден қоңырау шалып, қиыншылыққа тап болғанын айтса, оған ақша аударуды сұраса, сөйлесуді аяқтап, оған қайта қоңырау шалыңыз;
  •  Өзіңіздің жеке деректеріңізді, банктік картаңыздың деректемелерін, картаның жарамдылық мерзімін, CVC/CVV-кодты, құпия сөзін және ақша қалдығын ешқашан және ешкімге айтпаңыз;
  • Банк қызметкерлері, банктердің колл-орталықтарының операторлары ешқашан телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды. Бұл конфиденциалды мәліметтер тек алаяқтарға қажет.

Өзіңізді, жақындарыңызды сақтаңыз және қаржылық сауаттылықты Fingramota.kz-пен арттырыңыз!

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
Аида Балаева

Балаева #Анағақұрмет пост жазу эстафетасын бастады

10.05.2025
Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

10.05.2025
Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

10.05.2025
Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

10.05.2025
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты