Қазақстан Республикасының бас қаласы Нұр-Сұлтанда «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы жүйесінде Қазақстан Республикасының Халқына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету» тақырыбында екі күндік семинар-кеңес жұмысын бастады.
Орталықтың миссиясы — диагностиканың, емдеу мен оңалтудың жоғары технологиялық әдістерін қолдана отырып, медициналық көмекке қол жеткізу арқылы қазақстандықтардың денсаулығын сақтау және қолдау. Орталықтың ведомстволық бағынысты ұйымдарында бар заманауи жоғары дәлдікті аппаратура, озық технологияларды пайдалану, ғылыми жетістіктер мен кәсіби кадрлар кардиологиялық, неврологиялық және онкологиялық ауруларды ерте анықтауға ықпал етеді.
Семинар қатысушылары мен қонақтарына Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Сәуле Қисықова құттықтау сөз сөйледі. Ол қазақстандықтардың заманауи медициналық қызметтерге тең қол жеткізуі үшін денсаулық сақтау жүйесін дамытудың маңыздылығын атап өтті: «бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу біздің орталықтың медициналық ұйымдарына Қазақстан Республикасының Халқына медициналық қызмет көрсету бойынша бәсекелес ортаға кіруге мүмкіндік берді. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қағидаты пациенттің дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы болып табылады. Бұл құқықты еліміздің барлық өңірлерінен 100 мыңнан астам азамат пайдаланып, біздің ауруханаларда ем алды».
Семинар-кеңестің жұмысына Нұр-сұлтан қаласындағы Қ.Президенттік клиникасының, Алматы қ. Орталық клиникалық ауруханасының (Совминка) басшылары мен жетекші мамандары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, еліміздің жетекші ҒЗИ ғалымдары, Германия, Франция, Түркия, Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Балтық елдерінен осындай клиникалық бағыттағы шетелдік медициналық орталықтардың беделді мамандары қатысады.
Аталған іс – шараның негізгі мақсаты — аса күрделі ауруларды емдеудегі отандық медицинаның мүмкіндіктерін, әлеуеті мен жетістіктерін көрсету, орталық ауруханаларының қызмет бағыттарымен таныстыру, бірегей операциялар жүргізілетін жаңа жабдықтарды көрсету. Қазақстандық және шетелдік әріптестердің талқылаулары арасында қазіргі заманғы ғылымның инновациялық бағыттарының бірі — ядролық медицина. Сондай-ақ covid-19 пандемиясы жағдайында денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеуін тиімді ұйымдастыру.