К. Жамбыл облысы, Шу ауданы, Тасөткел ауылының маңындағы жолдың бойына дейін жалдамалы такси автокөлігімен келген. Содан, Тасөткел ауылына қарасты жердегі кұм алқабына барып, сора өсімдіктерінің өсіп тұрғанын көріп, оларды жинап, сол маңдағы сай ішіне апарьш, кептіру үшін жайған.
Әрі қарай, К. жайып кеткен есірткі затын алып кету мақсатында, жылқымен кұм алқабындағы сай ішіне келіп, сора өсімдіктерінің кепкендігін көріп, оларды сабақтарынан бөліп, үгітіп, өзімен альш келген екі капқа жинай бастаған.
Сол күні,«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу
барысында, Жамбыл облысы полиция департаментінің ауданаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бөлімінің және Ұлтық Ұлан «Бүркіт» арнайы жасақ қызметкерлерімен ұсталған. Қарау жүргізу барысында, екі каптың ішінен К.-мен өткізу мақсатында заңсыз сақтаган — 25950,00 грамм аса ірі мөлшердегі «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып алынған.
Тараптардың позициясы:
Прокурор сотталушы К.-ға 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы К. өзіне тағылған айыпты ішінара мойындаған, есірткі заттарын өткізу мақсатында емес, жеке тұтыну үшін жинағын жеткізді.
Дәлелдемелер бойынша:
Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: сотталушының және куәгердің жауаптарымен, тергеп-тексеру амалдары жүргізілу барысында
толтырылған процессуалдық кұжатармен,сараптамалардың қорытындыларымен, сондай-ақ қылмыстық істің өзге де материалдарымен дәлелденді.
Сот шешімі:
Сот қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайларға, сот оның тұрғылықты жері бойынша жақсы мінезделуін табады. Қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жай сотпен анықталмады.
Сот үкімімен ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 3)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, К.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жазасын өтей отырып, 10 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар: Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі