ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасын жүргізуде.
Жоба мақсаты — азаматтарды, қоғамдық ұйымдарды, жергілікті билік пен жергілікті қауымдастықтарды жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға тарту және ынталандыру. Жоба Қазақстанның 8 облысында (Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстары) жүзеге асырылуда.
Жоба аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласы, Көне Тараз кешені, Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығында «Азаматтардың шешім қабылдау процессіне қатысуының құқықтық негіздері және механизмдері» тақырыбында оффлайн семинар өткізілді. Семинарды Алматы қаласынан арнайы шақыртылған Шолпан Айтенова жүргізді. Семинар барысында қатысушылар жергілікті бюджеттерді басқару процесіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі туралы тақырыптық қолданбалы курстар циклын және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне арналған әлеуметтік жобалау және бастамашылдық бюджеттеу бойынша оқытудан өтіп өз тәжірбиелерімен бөлісті. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.
TURANINFO.KZ