2018 жылы Талас ауданына қарасты Ақкөл, Қызыләуіт, Үшарал ауылдарына газ тартылады. Бұл туралы облыс әкімінің Талас ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде белгілі болды. Қазір аталмыш үш елді мекенге газ құбырын жеткізу бойынша жобалық сметалық құжаттар әзірлеу үшін тиісті қаржылар бөлінді.
Еске сала кетейік, бүгін облыс әкімі К. Көкірекбаев Талас ауданында арнайы жұмыс сапарымен жүр. Іссапар барысында аймақ басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық, өндірістік нысандарында болады. Атап айтқанда, Ақкөл-Саудакент тас жолынан Қызыләуіт ауылдық округіне қарасты Ақтөбе елді мекеніне дейінгі 3 шақырым тас жолдың жағдайын көру, осы елді мекендегі «Ақтөбе» мешіті мен бастауыш мектептің жағдайымен танысу. Сондай-ақ, Ақкөл-Тоғызкент тас жолының Үшарал ауылына дейінгі 53 шақырым бөлігінің және Үшарал ауылындағы орта мектептің жағдайымен танысу жоспарланған. Сонымен қатар, Үшарал ауылындағы жаңадан пайдалануға берілген спорт алаңын және спорт кешенінің құрылысы жоспарланған орынды көру.
Жұмыс сапары барысында облыс басшысы «Қаратау ПРО» ЖШС-і, «Жамбыл Недр» ЖШС- нің жұмыс қарқындарымен және Қаратау қаласындағы пайдалануға берілетін 3 мөлтек аудандағы №51 көпқабатты тұрғын үйдің жұмысымен танысады.
www.zhambyl.gov.kz