Бұл туралы ІІМ Tengrinews.kz-тің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық кодекстің 208-бабы 2-бөлігі «Ақпаратты заңсыз иемдену» бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр», — деді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілі.
Қандай жағдай болды?
Еске салайық, бұған дейін 16 миллионнан аса жазба ашық тарап кеткені, бұл ел халқының басым бөлігін қамтитыны хабарланды.
Тұрғындардың мынадай жеке мәліметтері тарап кеткен: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекен-жайы, тұрғылықты жері, телефон нөмірлері (ұялы, үй, жұмыс телефондары), азаматтығы, ұлты және тағы басқалары.