Жамбыл облысында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні қоғамдық көлік жүргізушілерінің 232 жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы анықталды. Толтырылған хаттамалардың басым бөлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 592-бабы жылдамдықты асыру бойынша – 85 құқық бұзушылық, 595-бабы бойынша (маневр жасау ережелерін бұзу) — 44, ал көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 591-бапқа сәйкес 42 хаттама, сондай-ақ 334-бабы бойынша (шығарындылардағы ластаушы заттар нормативтерінің артуы) 32 бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, 9 жүргізуші 612-бап бойынша сақтандырудың жоқтығы, 6 жүргізуші 590-баптың 9-тармағымен міндетті техникалық байқаудан өткені туралы құжаттың болмағаны үшін жауапкершілікке тартылды, үш әкімшілік хаттама 571-баптың 2-бөлімі (жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережесін бұзу) және 590-бап 7-бөлім (көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтау) бойынша толтырылды.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі