Тараз қаласы №2 сотында өткен 2019жылдың атқарылған жұмысы жайлы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, әдептілік нормаларын одан әрі жетілдіру туралы қорытынды кеңес өтті.
Тараз қаласы №2 сотының төрағасы Н.К.Жамашов, 2019 жылдың 12 айында атқарылған жұмысы жайлы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, әдептілік нормаларын одан әрі жетілдіру туралы қорытынды кеңес өткізді.
Төраға Н.К.Жамашов 2019 жылы сотпен атқарылған жұмыстардың статистикалық есептеріне тоқталды.
2019 жылдың 12 айында Тараз қаласы №2 сотына барлығы 983 қылмыстық іс түскен, оның ішінде 947 қылмыстық іс қаралып, 693 үкім және129 қаулы шығарылған, 143 адамға қатысты 129 іс қысқартылып, 22 қылмыстық іс медиация қолдану арқылы аяқталған.
12 айдың есеп кезеңінде Тараз қаласы №2 сотымен бұқаралық ақпарат құралдарында 127мақала жарияланған, 3 ашық есік күні, 38 семинар сабағы, 16 дөңгелек үстел өткізілген. Тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты сотқа дейінгі іс жүргізу барысында 22 тұлғаға қатысты іс тоқтатылған.
Жиналыс барысында, Төраға Н.К.Жамашов,Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына және Әдеп кодексін сақтау мәселелеріне де тоқталып өтті.
Сонымен қатар, судьялар мен мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық фактілерін тудыратын іс-әрекеттерге баруына жол бермеуді, сотқа қатысушылармен немесе басқа да тұлғалармен қызмет барысында және қызметтен тыс уақытта процессуалдық емес қатынастарға бармауды және еңбек тәртібін қатаң сақтауды, сотқа келуші тұлғалармен сыпайы сөйлесуді қатаң тапсырды.
Жиналыс соңында төраға Н.К.Жамашов, сот алдында қойылған маңызды міндеттерінің бірі азаматтардың сотқа сенімін арттыру және сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту, істерді уақытылы қарау екендігін атап өтті.
АЛИНА Мейірбекқызы