Жамбыл облысы ПД бастығының тапсырмасы бойынша Шу ауданының аумағында «Учаске» жедел профилактикалық іс- шарасын өткізу аясында екі күндік кең ауқымды тексерулер жүргізілді.
ЖПШ барысында полиция қызметкерлері 900- Дей құқық бұзушылықтарды анықтап, улар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Аудан тұрғындарының негізгі бұзушылықтары ЖҚЕ сақтамауымен байланысты, соның ішінде: жылдамдықты асыру, терезені көлегейлеу, қауіпсіздік белбеуін тақпау, сондай-ақ көлік құралын алкогольді мас күйінде басқару.
Айта кетерлігі, Шу қаласы Жамбыл облысының ірі транзиттік қалаларының бірі болып табылады. Жалпы халық саны — 102 000 адам, тіркелген автокөлік саны — 27 000. Аталған шаралар ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін жалғасатын болады, — деді өз сөзінде ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бақыт Ратаев.