2020 жылдың 19 қарашасында сағат 12.34-теЖамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «101» қызметіне Жуалы ауданы, Ақтоған ауылы, Сұлтан Мұрат көшесіндегі тұрғынүйдің өртке оранғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына №7 өрт сөндіру бөлімінен 1 өрт сөндіру автокөлігі және 5 адамнан құралған жеке құрам жедел шығып, жүргізілген барлау жұмыстарынан соң жаздық ас үйдің өртке оранғандығы анықталған. Өрт сөндірушілер өртті 30 минутта жойды. Өрт салдарынан жазғы асүйдің төбе жабындысы жойылған. Осылайша өрт сөндірушілердің жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында жазғы ас үйдің жатын бөлмесі және көрші орналасқан тұрғынүйлер өрттен аман қалды. Қазіргі уақытта Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлерімен өрттің шығу себебі анықталуда.
Құрметті жеке тұрғынүй иелері! Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау, стек
мүліктеріңіздің ғана емес, сондай-ақ жақындарыңыздың да дін аман болуына септігін тигізетіндігін естен шығармаңыздар.