2 қаңтарда 22 сағат 00 минутта Талас ауданында, Майтөбе ауылынан 1 шақырым жерде облыстық маңызы бар «Тараз-Қаратау» а/ж 75 ш. қардың көп еруі мен жауын-шашынның жаууы салдарынан жол төсемінде су тасқыны болды (ұзындығы 15 м, ені 6 м, тереңдігі 5 см).
Елді мекендерді су басу қаупі жоқ, көлік қозғалысы бұзылған жоқ. ЖАО күшімен жол төсемінің бойындағы дренажды каналдың суын бұру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Оқиға орнына ТЖД-нің 3 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 40 қызметкері мен 2 техникасы, ӨКМ-нің 8 қызметкері мен 4 техникасы шықты. Қазір оқиға орнында аудан әкімі де бар болып табылады.