Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында Облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшысы Бахтияр Көпбосыновтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бахтияр Бейсенбайұлы жерге құқықтар табыстаудың жариялылығын қамтамасыз ету туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Спикердің айтуынша, Жер қорының құрамы 2018 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша облыстың жер қоры 14 426,4 мың гектарды құрады. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер — 4589336 гектар; елді мекендердің жерлері –467166 гектар; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлері – 173167 гектар; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 11659 гектар; орман қорының жерлері – 4 430673 гектар; су қорының жерлері – 338 741 гектарға тең. Босалқы жерлер — 1 926 256 гектар; басқа мемлекет пайдаланып жатқан жер көлемі – 2 489 300 гектарды алып жатыр.
Мемлекет Басшысының жер қорына кешенді түрде түгендеу жүргізу туралы тапсырмаларын орындау мақсатындағы Ауыл шаруашылығы министрлігінің«2017-2021 жылдарға арналған жер қатынастары саласындағы міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес өткен жылы өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған, сондайақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері құжаттамалық түгендеуден өткізілді.
Нәтижесінде 2017 жылғы жер есебіне сәйкес облыстың Елді мекендер жері 463,1 мың гектарды құраған. Түгендеу жұмыстарының нәтижесімен 4,1 мың гектарға ұлғайып, Елді мекен жерлері көлемі 467,2 мың гектарды құрады.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер 152,5 мың гектарды құраған. Түгендеу жұмыстарының нәтижесімен 20,7 мың гектарға ұлғайып, Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер көлемі 173,2 мың гектарды құрады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатындағы жерлер 12 мың гектарды құраған. Түгендеу жұмыстарының нәтижесімен 0,3 мың гектарға азайып, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санаттарындағы жер көлемі 11,6 мың гектарды құрады.
Жер мониторингін жерді қашықтан зондтау тәсілі 2016 жылы қанатқақты жоба ретінде Шу ауданында сынақтан өткізіліп, 2018 жылы барлық аудандарда өндіріске енгізілді.
Жерді қашықтан зондтау тәсілі өткен жылы облыс аудандарында игерусіз қалған егістік жерлер 42,3 мың гектар егістік жерлердің игерусіз қалғанын көрсетті.
Ал,4 ауыл шаруашылығы есебіне сәйкесбұл көрсеткіш 15 мың гектарды құраған болатын.
Сарысу, Мойынқұм, Талас және Шу аудандарында егістіктердің игерілуі төмен қалпында қалып отыр.
Кәсіпкерлікті жер арқылы дамыту шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Мысалы, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге деген сұраныстар әрбір аудан және ауылдық округтер бойынша бекітілген нысан бойынша жинақталуда. Атқарылған жұмыстардың аралық нәтижесі бойынша аумағы 192,4 мың га құрайтын (оның ішінде егістігі 40,4 мың гектар) 392 жер учаскесі жеке және заңды тұлғалар тарапынан қызығушылықтар тудырған. Сол сияқты, кәсіпкерлер тарапынан 941 тұлға ауыл шаруашылығына (о.і егістік жерге 138 тұлға), 440 тұлға кәсіпкерлік мақсаттағы жерлерге сұраныс тіркелді.
Жерге сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында есепті мерзім аралығында облыс аудандарында 12 аукцион өткізілді. Нәтижесінде аумағы 12 га жер учаскелері 21 млн. теңгеге бағаланып сатылды.
Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 1 конкурс ұйымдастырылып, көлемі 2800 га жер учаскелері жалға берілді.
Жер қатынастарын реттеу саласында заңды және жеке тұлғаларға 16 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілуде. Көрсетілетін қызметтердің регламенттері облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген.
Қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелмегендіктен, көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.
Ағымдағы жылдың 4 айында Басқарма тарапынан 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қызметтердің 8 түрін электронды форматта, 8 түрі қағаз түрінде жүргізілуде. Сонымен қатар, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 9 қызметті алуға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің барысы туралы облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында 1 мақала жарияланып, 2 дөңгелек стол өткізілді.
Облыстық жер комиссиясының 6 отырысы өткізіліп, облыс әкімінің қарауына 11, облыс мәслихаты қарауына 2 мәселе енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.
Жерге құқықтар табыстаудың жариялығын қамтамасыз ету мақсатында Басқармада бос ауыл шаруашылығы және коммерциялық мақсаттардағы жер учаскелері туралы мәліметтер орналастырылған uzo-zhambyl.kz және жер қойнауын пайдаланушылар туралы ақпарат орналастырылған osp.uzo-zhambyl.kz сайттары ашылды. Сол сияқты, Тараз қаласында zis-taraz.kz ақпараттық жүйесііске қосылды.
Жер русурстары туралы ақпараттарға қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің дамуына қолайлы жағдайлар жасау үшін облыстың жер қорының интеративті (электронды) картасы әзірленуде.
Ауылдық округтер кескінінде жердің құнарлық картасы әзірленді.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы жерге құқықтар табыстауды электронды форматқа көшіру жөніндегі Республикалық қанатқақты жобаға енгізілді.