2020 жылдың 8 мамырында Жамбыл облысында коронавирусты инфекциясының тағы 8 оқиғасы анықталды.
Инфекция Байзақ ауданының 2002, 2000, 2019 және 2012 жылы туған тұрғындарынан табылды.
Науқастардың барлығы бұған дейін індет жұқтырғандармен байланыста болған тұлға ретінде карантиндік стационарда жатқан. Олардан COVID-19-ға алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткен. Олар инфекциялық стационарға ауыстырылды.
Науқас Тараз қаласының 1969 жылы туған жұмыссыз тұрғыны. Коронавирусқа алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Эпидемиологиялық тексеру барысында науқастың қаңғыбастық өмір кешетіндігі, туыстарымен байланыста жоқ екендігі анықталды. Ол инфекциялық стационарға жеткізілді. Байланыста болған тұлғалар жоқ.
Инфекция Байзақ ауданының 2002, 2000, 2019 және 2012 жылы туған тұрғындарынан табылды.
Науқастардың барлығы бұған дейін індет жұқтырғандармен байланыста болған тұлға ретінде карантиндік стационарда жатқан. Олардан COVID-19-ға алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткен. Олар инфекциялық стационарға ауыстырылды.
Коронавирус Тараз қаласының 1950 жылғы тұрғынынан анықталды. 7 мамырда ол дене қызуына, денсаулығына шағынған. Сөйтіп уақытша ауруханаға жатқызылды. Одан алынған талдау коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.
Онымен бірге 1994 жылғы туысы карантинге алынды. Байланыс жасаған тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 8 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 177 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 85, Байзақ ауданында – 17, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында — 37, Меркі ауданында — 4, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.
Сондай-ақ, Дели — Тараз рейсі жолаушыларынан 6, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 оқиға анықталды.
Барлық ауырғандардың 73-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.