Ғазиз ғұмырын бұқараның бейбітшілігі үшін арнаған біздің Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев өзінің көрегендігімен, сарабдал саясатының арқасында біздің Отанымыз – Қазақстан деп соққан жүрегімен Қазақстан халқымен бірге жасасып, туған жерінің өсіп-көркеюіне, халқының бейбітшілік пен ынтымақты болуына және келер ұрпағының білімді де, білікті, бойына иман мен ұлағат ұйысқан кемеңгер болып өсуіне бар жағдай жасап, мүмкіншілік тудырды.
Жүздеген ұлттың мыңдаған ұрпағын мейіріміне бөлеген Мәңгілік Ел болып, риясыз бейбітшілік заманда өмір сүруіне, шекерамызды шегендеп, әлемге Қазақстан деген ел бар екенін, қазақ деген ұлт бар екенін жария етті.
Тәуелсіздік жылдарымыздағы әрбір жеткен жетістігіміздің жанында Н.Назарбаевтың тұрғаны үлкен мақтаныш.
Қазақстанның Елордасы, Астана қаласының атауын «Нұр-сұлтан» деп өзгертуді және облыс орталықтарының орталық көшелерінің бірін Назарбаев көшесі деп ауыстыру жөніндегі бастаманы қолдай отырып, оны тарихи қадам ретінде қабылдаймыз. Бұл ұсынысқа Егемен еліміздің халықтары оң бағасын беріп, қолдау білдерді деген ойдамыз және оған сенеміз.
Біз Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2019 жылғы 19 наурызда халыққа жариялаған мәлімдемесін қолдай отырып, бейбітішілік пен ынтымағы жарасқан, Тәуелсіз мемлекет үшін алғысымызды білдіреміз.
«Сәуле» кондитерлік фабрикасының ұжымы