Қазақстанда жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша дәріс беретін
ұстаздар мен олардың оқушыларын ынталандыратын үш бірдей конкурс
болды. Республикалық деңгейде өткен сайыстар ағылшын тілінде пән
оқытатын ұстаздар арасында «Арманға апарар жол», 1-4 сынып
мұғалімдері үшін «Бастауыш мектептегі ағылшын тілі: ойын арқылы
оқимыз» және жоғарғы сынып оқушыларында «My best student’s book» деп
аталады.
Бесінші рет өтіп тұрған конкурс биыл ерекше – онлайн қорытындыланды.
Елімізде көптілді білім беруді насихаттайтын шараны Білім және ғылым
министрлігі, «Edu Stream» оқу орталығы және қазақстандық мектептердегі
базалық ағылшын тілі кітабын дайындаған «Express publishing» халықаралық
баспасы ұйымдастырған. Салтанатты марапат жоғары деңгейде өтіп, отандық
ұстаздар мен оқушыларды халықаралық баспа кітаптарының авторлары Боб
Обби мен Джордж Коколас сонау Англиядан құттықтады. Шетелдік
сарапшылардың бірі онлайн білім алу бүкіл әлемде қиындық туғызғанымен,
ұстаздар кез келген жағдайға бейімделе алатынын алға тартса, екіншісі
карантин салдарынан шашын қысқарта алмай жүргенін айтып қалжыңдады. Ал
сайысқа түскен отандық ұстаздар мен оқушылардың қуанышында шек жоқ.